КМҚК «Шаңырақ» Облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығы :: Мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Гимні

 Flag  64d5d26a1103f9c0c1dd55de9f3f819e

Сөзін жазғаңдар:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған:Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны, 
Алтын дән даласы, 
Ерліктің дастаны, 
Еліме қарашы! 
Ежелден ер деген, 
Даңқымыз шықты ғой. 
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой! 

Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің - Қазақстаным! 

Ұрпаққа жол ашқан, 
Кең байтақ жерім бар. 
Бірлігі жарасқан, 
Тәуелсіз елім бар. 
Қарсы алған уақытты, 
Мәңгілік досындай, 
Біздің ел бақытты, 
Біздің ел осындай! 

 Қайырмасы: 

Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында арайлы күн, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған.  Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық ою-өрнек - алтын түстес. Тудың ені ұзындығының жартысына тең.

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы салынған мөрге қойылатын талаптар

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы салынған мөр» ҚР СТ 1430-2005Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдары мен ұйымдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мөрлеріне қойылатын техникалық талаптарды айқындайды. Осы стандарт Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік ұйымдарында қолданылуы міндетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы салынған мөр (бұдан әрі - Елтаңбалық мөр) мемлекеттік орган немесе ұйым басшының қолы қойылған өтініш бойынша дайындалады.

Мемлекеттік ұйым елтаңбалық мөрге тапсырыс беру кезінде өтінішпен бірге мыналарды қоса беруі керекс:

- дәл, айқын, таза және түсінікті жасалған елтаңбалық мөрдің нобайы;

- белгіленген тәртіппен куәландырылған толық атауы бар Жарғының (Ереженің) көшірмесі.

Елтаңбалық мөрдің қалыбы сыртқы айналым бойынша шағын мәтін орналасқан құрсаумен шектеседі. Шағын мәтінде елтаңбалық мөрді жасаушы кәсіпорын туралы ақпарат (жасаушының атауы, лицензияның нөмері және берілген күні, мөрді жасау жылы, айы және күніжазылуы тиіс.

Елтаңбалық мөр қалыбының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасады. Елтаңбалық мөрдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының көрсетілген бейнесі ҚР СТ 989-2008 талаптарына сәйкес болуы қажет.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының айналасында шағын мәтін орналасады.Шағын мәтін елтаңбалық мөрге тапсырыс берушісі туралы ақпарат пен салық төлеушінің тіркеу нөмерін – СТН қамтуы тиіс.

Лицензиясы бар кәсіпорындар мемлекеттік рәміздер бейнеленген материалдық нысандарды даярлау мүмкіндігіне ие.

Павлодар облысындағы «Баспа үйі» ЖШС (Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 143, тел. 32-41-77, 32-77-09) қолда бар лицензия арқылы елтаңбалық мөр дайындайды.

 

Оқиғалар

17

Маусым , 2018

17 маусым күні сағат 19.00-де төменгі жағажайда «Ертіс жұлдыздары» жобасының...
16

Маусым , 2018

16 маусым күні «Шаңырақ» орталығының үлкен залында Республикалық «Мен қазақпын»...
10

Маусым , 2018

10 маусым күні сағат 18.00-де төменгі жағажайда Роза Мукатаеваның концерті...
09

Маусым , 2018

9 маусым күні төменгі жағажайда Али Окаповтың концерті өтеді
08

Маусым , 2018

8 маусым күні Ақтоғай ауданы Қожамжар АМҮ-нде «Абай ауыл аралап...
06

Маусым , 2018

6 маусым күні сағат 18.30-да «Шаңырақ» орталығының үлкен залында «Времен...
06

Маусым , 2018

2018 жылдың 6 маусым күні "Шаңырақ" орталығының үлкен залында «Жас...
01

Ақпан , 2018

2018 жылдың 1 ақпан күні сағат 13.00 –де «Шаңырақ» орталығының...
01

Ақпан , 2018

2018 жылдың 1 ақпан күні сағат 15.00 –де Качир аудандық...
01

Ақпан , 2018

2018 жылдың 1 ақпан күні сағат 11.00 –де Железин аудандық...
01

Ақпан , 2018

2018 жылдың 1 ақпан күні «Шаңырақ» орталығының үлкен залында цирк...
01

Ақпан , 2018

2018 жылдың 1 ақпан күні Баянауыл ауданы Майқайың кенті Мәдени...
31

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 31 қаңтар күні сағат 12.00-де Қ. Әбусейітов атындағы...
28

Қаңтар , 2017

«Облыстық мәдениет мекемелерінің 2016 жылғы есебі және 2017 жылға арналған...

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?

Сұрақтар мұрағаты

eGov