КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Мәдени-сауық қызметі бөлімі

«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени –сауық қызметі орталығында»  мәдени-сауық қызметі бөлімі 2003 жылы ашылды. Бөлімнің мақсаты мен міндеті мемлекеттік мерекелерді, мейрамдарды, кештерді  ұйымдастырумен қатар, облыс көлеміндегі клуб мекемелерінің жалпы жүйесімен  материалдық-техникалық базаларын нығайту мен клуб  мекемелерінің желістер мониторингін бақылайды. Ұлттық идеяны нығайтатын әрі қазақстандық қоғамды жетілдіретін, ата-бабаларымыздың есімдері мен атақ даңқтарын жаңғыртатын «Мәдени мұра» бағдарламасын, сонымен қатар «Жастар», «Салауатты өмір салты» бағдарламасында нашақорлыққа қарсы күрес, кәмелет жасқа толмаған балалармен патриоттық тәрбиеге насихаттау  жұмыстарын жүргізеді.

     Бөлім мамандары мәдени-ағарту мекемелерінің рөлін жоғарлатуды қамтамасыз етеді. Әдептілік, еңбек, эстетикалық тәрбиедегі өнердің рөлі мен маңыздылығы, тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуді одан әрі шыңдай түсуді, мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарға мәдени-бұқаралық шараларды өткізуде,  үнемі әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді. Күн сайын қауырт өтіп жататын көп шараны ұйымдастыруда, белсенді жұмыс атқаруда.   

     Бөлімнің мамандары жұртшылықтың бос уақытының мәнді өтуі үшін мәдени-сауық қызметтің жаңа әдістерін енгізіп, клуб мекемелерінің жұмысын жақсартуға өз үлестерін қосуда. Озық тәжірибемен бөлісуде әдістемелік жұмыстарын атқаруда. Осы  орайда «Озық тәжірибе ортақ әдіс», «Опыт. Работа, Практика», «Павлодар облысы клуб типтес мәдениет мекемелерінің жылдық көрсеткіштері», «Құрметтеу кештерін ұйымдастыру және өткізу», «Мерекені көркем безендіру және жарнамалау», «Ауылдық жерлерде мәдени бұқаралық шараларды ұйымдастыру және өткізу» әдістемелік үсынымдары мен құралдары таратылады.

 

2e6afc68001619823b3286db30c2ada9_500_0_0

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov