КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Оқу-әдістемелік бөлімі

Бөлім 2003 жылдан бастап жұмысын атқаруда. «Шаңырақ облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының» оқу-әдістемелік бөлімінің негізгі міндеттері мен мақсаттары: - аудандық мәдениет үйлері әдістемелік кабинеттерінің жұмысын үйлестіру; - аудандық және ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету; - стажировка, семинар, шеберлік кластар, сондай-ақ көшпелі семинарларды ұйымдастырып өткізу арқылы ауылдық және аудандық клуб мекемелері қызметкерлерінің білімін көтеріп, біліктілігін арттыру; - облыс клуб мекемелері қызметкерлеріне көмек ретінде әдістемелік ұсынымдар, түрлі мемлекеттік мерекелер мен көпшілікке арналған шараларды ұйымдастырып өткізуге арналған жинақтар шығару; - орталықтың және облыс клуб мекемелерінің атқарып жатқан жұмысы жайында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етіп тұру. Облыс клуб мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін көтеруде шеберлік кластар да ерекше орын алады.

Жұмыстың бұл формасы мамандардың шығармашылық әлеуетінің дамуына, тәжірибелі мамандардың жұмысын тәжірибеге енгізуге және кеңінен таратуға септігін тигізеді. Әдістемелік кабинеті аудандық мәдениет үйінің ішінде құрылады. Оның ең басты мақсаты – аудандағы мәдениет үйлері мен селолық клубтарға әдістемелік жетекшілік ету болып табылады. Осыған байланысты, әдістемелік кабинеті мәнерлі де көркем, көрнекі жабдықталуы керек. Әдістемелік кабинетінің негізгі жұмысы ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарға жан – жақты әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуін негіздейді.

Жалпы мәдени – ағарту саласындағы қызметкерлердің білімін жетілдіру, озық тәжірибені жинақтап таратуда әдістемелік кабинеті ерекше жұмыс атқарады. Олар: • Клуб қызметкерлеріне семинарлар өткізу;

• Көшпелі семинарлар өткізу;

• Клуб қызметін жаңа бастаған қызметкерлерге стажировка өткізу;

• Көркемөнерпаздар жетекшілеріне шеберлік кластарын өткізу;

• Әдістемелік ұсынымдар шығарып, тарату.

Бөлім меңгерушісі: Байсельдинова Замира Мерзеханқызы,Телефоны 68-02-98

IMG_7430

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov