КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Халық шығармашылығы бөлімі

  Өнер біткеннің қайнар көзі – халық шығармашылығына жататыны мәлім. Әрбір өнер иелерін тәрбиелеп қанаттандырған да, оның талантына шабыт құйып, жан бітірген де сол халықтық қазына қайнары. Бөлімнің атқаратын жұмыстары мәдени құндылықтарды, тарихи мұраларды, фольклорды, халық шығармашылығының түрлі жанрларын, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды сақтау, дамыту және насихаттау мақсатында ұлттық сана сезім, адамгершілік сияқты асыл қасиеттері бар, еліміздің мәдениетімен тарихын дәріптейтін білікті жастарды тәрбиелеу болып табылады. Әрбір талапкер өзінің туған топырағындағы дәстүрлі өнерді игеріп, оны ілгері дамыта отырып, өркен жаяды.

     Халық шығармашылығы бөлімі 2003 жылдан бастап   көптеген  республикалық, облыстық байқау, сайыс, түрлі фестивальдар мен мәдени-шаралар өткізуде. Сонымен қатар клуб мекемелері қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеру, сондай-ақ «халықтық», «үлгілі», әуесқой және шығармашылық ұжымдардың жұмыстарын жандандыру. Мәдениет қызметкерлерінің ауыл тұрғындарына осы қызмет көрсету жұмысының саласын жетілдіру, заман талабына сай жұмыс жасап, ауыл тұрғындарының қызығушылығын арттырып, рухани сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

     Қазақ халқының ұлттық өнер  саласындағы тарихында өшпестей ән мұраларын   қалдырып кеткен өнер иелері Ертіс өңірінің тумалары, Естай Беркімбаевтің, Майра Шамсутдинованың, Иса Байзақовтің, күйші Рүстембек Омаровтің, Жаяу Мұса,  шығармаларын   келер  ұрпаққа  кеңінен насихаттап, талантты дәстүрлі ән орындаушыларды халыққа таныту мақсатында байқаулар өткізеді.

     Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолмақол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс  өнерін  мәдениетіміздің    баға    жетпес    мұрасы ретінде халыққа танытып, оның сапалы деңгейін өсіру. Елдегі халықтар достығын, береке -бірлікті және саяси тұрақтылықты дәріптеп, талантты, дарынды жас ақындардың ақындық шеберлігін шыңдап, жас ақындарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, үлкен сахналарға шығуына мүмкіндік жасау. Ақындарды сахна мәдениеттілігіне, парасаттылық, ізеттілікке, баулып,  тәрбиелеу болып табылады. Осы тұрғыда халық шығармашылығы бөлімі жыл сайын 4-5 ақындар айтысын өткізуді дәстүрге айналдырған.

     Халқымызға ұмыт болып бара жатқан бабалар мұрасын қайта жаңғыртып, мәдени-тарихи құндылықтарды сақтап, жыраулық-термешілік дәстүрін жас ұрпаққа таныстыру мақсатында Ұлы ғұлама, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы, фольклоршы, этнограф, философ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы «Көне ғасыр күмбірі» атты  аймақтық жыршы- жырау, термешілер  байқауы. Сонымен қатар дәстүрлі "Наурыз аруы", "Жігіттің сұлтаны", "Шаңырақ көктемі", "Шаңырақ сыны" т.б. байқаулары жыл сайын өткізіліп келеді.

Бөлім меңгерушісі: Бұзаубаева Алмагүл Әшімқызы

Телефоны 68-02-98

 

IMG_8362

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov