КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Сценарийлер жинағы

МАЗМҰНЫ

«Жаңа жылда жаңаша, ән саламыз тамаша» атты Жаңа жылдың сценарийі ................................................................................................................2

«Қызым саған айтам,  келінім сен тыңда...» атты Енелер мен келіндер арасындағы сайыстың сценарийі...................................................10

 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан   Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Арман Қанидың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ар алдында» атты  әдеби-музыкалық кештің сценарийі ................................................................15

Облыстық  «Сарбаз конверті» атты  әскери - патриоттық әндер сайысының сценарийі ........................................................................................20

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Облыстық «Ертіс Баян жұлдыздары» фестивалі аясында «Жауқазын» көркемөнерпаз балалар шығармашылығы сайысының сценарийі..................................................... 23

"Замандас" жастар клубының  «Тілге құрмет – елге құрмет» атты оқушылар арасындағы  сайыстың сценарийі.............................................. 27

8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана деген- алтын қазық, алтын бақ»  мерекелік сценарийі................................................30

 

 «Жаңа жылда жаңаша, ән саламыз тамаша»

атты Жаңа  жылдың сценарийі

 

Кейіпкерлер:

  1. Жүргізуші /қардың ханымы/,
  2. Аяз Ата,
  3. Ақшақар,
  4. Аю,
  5. Мыстан кемпір,
  6. MMDMS /сары, қызыл/,
  7. Доңыз,
  8. Жылқы,
  9. Жылан,
  10. Шығыс қыздары,
  11. Қасқыр.

 

Ертеңгіліктің өту барысы:

/әдемі безендірілген шыршаны айнала балалар тұрады, шыршаның астында аю ұйықтап жатады, ортаға жүргізуші шығады/

 Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме балалар, қайырлы күн құрметті ата - аналар! Балалар, біз бүгін мына мерекелік думанда Жаңа жылдың шырша мерекесіне жиналдық. Жаңа жылда жаңа табыстарға жетіңдер, ауырмаңдар, гүлдей жайнап өсе беріңдер, оқуларыңды үздік оқып, ата – аналарың мен ұстаздарыңды үлгілі тәртіптеріңмен қуанта беріңдер. Осы шырша мерекесінің ән – думаны, ойын – сауығы, бәрі - бәрі өздеріңе арналады. Олай болса мерекемізді бастайық!

 Музыкалық нөмір:

/ән орындалып болғаннан кейін құдықтан айқайлап мыстан кемпір шығады/

 Мыстан кемпір:  Әйтеуір шықтым ғой мына құдықтан. Ха – ха – ха! Мен бұл күнді көптен күттім. Өзімнің сиқырым арқылы үлгердім ау мына мерекеге. Әбден шырқын бұзуға дәл жеткен сияқтымын ғой. Ха – ха – ха!

                                                                                               /мыстан кемпір балаларды қатты дауысымен шошытып жатқан кезде шыршаның астында ұйықтап жатқан аюды оятып алады, осы жерде аю оянады/ 

Аю:Кім мені оятты а?! Кім шулап жатқан? Әй, кім бар, қайдасындар?

/осы жерде доңыз келеді/

 Доңыз:Ой аю ата, сен неге сонша айқаладың? Сен ұйықтап жатқасын мен орманға барып жануарларға Жаңа жылды бірге қарсы алайық дедім!

 /балалардың арасынан жылан шығады/

 Жылан:  Мына мыстан кемпір мұнда не қып жүр?

 Мыстан кемпір:  Мен бе, ха – ха –ха! Мен бұл мерекеге Ақшақар болу үшін келдім! Ха – ха –ха!

 Доңыз: Сен бе?

Аю ата естідің бе?!

Неге сен боласын?

Мен болам Ақшақар!

 Мыстан кемпір:  Мен болам!

 Доңыз:  Жоқ, мен болам!

 Жүргізуші: Мына мерекеге мыстан кемпір қайдан келе қалды, түсінбедім?!

Ей, мыстан кемпір, немене балаларды шошытып тағы бұзақылық жасағалы жүрсін бе?! Кет бұл жерден!

 Мыстан кемпір: Жоқ, қалуыма рұқсат бер қардың ханымы, мен де Жаңа жылды қарсы алғым келеді, өтінемін, рұқсат берші!

 Доңыз:Жоқ қардың ханымы, оған қалуға рұқсат бермеші, өтінемін.

 Жүргізуші: Тоқтай тұрындар! Менде бір ұсыныс бар. Жаңа жылда барлық зұлымдықтарды ұмыту керек. Сондықтан да мына мыстан кемпірге де бір мүмкіндік беріп көрейік. Қазір біз мыстан кемпірдің зұлымдықтан басқа не істеу білетінің ойын арқылы тексеріп көреміз. Ол үшін мыстан мен хрюшка, сендер өздеріне топ жинап алындар. Егер жақсы ойнасандар ғана мерекеде қалуға рұқсат беремін.

/жүргізуші ойын ойнатады/

 Ойын:

Қаппен ойын.

Барысы: Балалар шыршаны айнала тұрып кегляны әуен ойналып тұрғанға дейін бір – біріне береді. Әуен тоқтап қалғанда, қолында кегля қалған бала ойыннан бір – бірден шығып отырады. Соңында қалған бір бала жеңімпаз атанады.

 Жүргізуші: Оған қалуына рұқсат береміз бе?

 Балалар: Ия.

 Жүргізуші:Керемет балалар. Мерекемізді одан әрі жалғастырамыз.

 Музыкалық нөмір: 

Жүргізуші: Балалар, кәне шыршаның жанына жиналайық, біздің шыршамыз тәтті ұйқыда тұрған сияқты ғой өзі, әлі жанбапты да. Ал кәне кім айтады, шыршамыз жарқырау үшін не істеу керек? Әрине, шыршаның сүйікті әнің айту керек. Ал шырша әнің айту үшін бізге кімдер жетпейді? Дұрыс, Аяз Ата мен Ақшақар жетпейді. Кәне, бәріміз қатты дауысымызды шығарып оларды шақырайық. Аяз Ата, Ақшақар! Аяз Ата, Ақшақар!

/жыланның шығуы/

Жылан:  Ойбай, айналайындар! Ойламаған жағдай болды. Мен Жаңа Жылқы жылын күтіп тұрғанда маған жылқыдан хабар келді. Аяз Атаның сыйлық толы қапшығын жолда қасқыр жабылып тартып алыпты. Аяз Ата мен Ақшақар көмек сұрап жатыр. Қардың ханымы сенің сиқырын жетпей тұр. Кеттік, жүр Аяз Ата мен Ақшақарға қасқырды табуға көмегімізді берейік. Балалар біз оны міндетті түрде құтқарып сендерге алып келеміз.

 Жүргізуші: Жылан, мен балаларды қалай тастап кетемін... Аю сен бар жыланмен, қасқыр тек сенен ғана қорқады. Барындар көмекке.

 /Аю мен жылан кетеді/

 Мыстан кемпір: О жақсы болған екен ғой! Сендер маған менің түзелгеніме сеніп қалдыңдар ма? Мен ешқашан түзелмеймін. Маған керемет ой келіп тұр. Мен Аяз Ата болайын, ал сен Ақшақар бол. Балалар, енді мен Аяз Атамын. Барлықтарын менің айтқанымды істейсіңдер, мен сендерді жамандыққа үйретем, менде де сыйлықтар бар, олар ана құдықтың ішінде. Сенбейсіңдер ме маған, мен ол құдықтан өз сиқыр сөздерім арқылы шықтым, сол сиқыр сөздер арқылы сендерді де сонда алып кетем. Сенбейсіңдер ме? Онда мен сендерге сиқырыма сену үшін бір мысал келтірейін. Мысалы, мен мына шыршаны да жаға алам.

 Доңыз: Жоқ, кет бұл жерден, шыршаны тек Аяз Ата ғана жаға алады. Не деп тұрсын сен, кет бұл жерден.

 Мыстан кемпір: Мен сендерден қорықпаймын. Жағам дедім, жағам. Бір – екі – үш, шырша, шырша жан.

 Қасқыр: Кешір мені, қардың ханымы, кешірші, мені мыстан кемпір жіберген болатын, мен кінәлі емеспін.

 /қасқыр мен мыстан кемпірді қалдырады/

/Шығыс музыкасының сүйемелдеуімен шығыс қаздары шығады /

Шығыс қызы 1: Сәлеметсіз бе, қардың ханымы!

 Шығыс қызы 2:  Қайырлы күн, балалар, достар!

 Жүргізуші: О қайдан келіп қалдындар?!

 Шығыс қызы 1:  Біз шығыс елінен сендердің мерекелеріне арнайы келдік.

 Жүргізуші:  Олай болса қандай өнерлерін бар екенің көрсетпейсіндер ме?

 Шығыс биі:

Қызыл MMDMS: Сұлтан өзі қызық адам. Олардың қайда жоғалып кеткендерін біз қайдан білеміз?

 Сары MMDMS: Соны айтам, сұлтан біздің құлағымыз жоқ болғасын естмеді деп ойлайды, ал мен бәрін естіп алдым, тауып алмасақ бізді тәттілер әлемінен қуып жіберетіндерін айтты. Қара, қара, олар мында жүр.

 Қызыл MMDMS: Ей қыздар сендер мында не істеп жүрсіңдер?

 Сары MMDMS: Ой біз өзі қай жердеміз?

 Шығыс қызы 1:  О қызыл мен сарыны қара!

 Шығыс қызы 2: О сендер не істеп жүрсіңдер?

 Қызыл MMDMS: Ал сендер не істеп жүрсіңдер мында?

 Сары MMDMS:  Сендерді сұлтан іздеп жатыр.

 Шығыс қызы 1:  Сендер сенесіндер ме, біз мында өзіміз келген жоқпыз. Билеп жатқан кезде кенеттен осы жерге түстік.

 Шығыс қызы 2:  Бірақ мында қызықты, балалар Аяз Ата мен Ақшақарды тосып жатыр екен, біз олармен қалуды өтіндік, сендер де қалындар, Жаңа жылды бірге қарсы алайық.

 Шығыс қызы 1:  Балалар, олар қалады ғой,ия?!

 Балалар: Ия.

 2 MMDMS: Ал бізді балалар жеп қоймай ма?

 Мыстан кемпір: О біздің мерекеге тәттілер әлемінен келіп қалыпты ғой. Әрине біз сендерді жеп қоямыз.

 Шығыс қызы 1:  Тұра тұр. Оларды жеп қоюға жол бермейміз.

 Шығыс қызы 2:  Олар біздің мерекеде қалу үшін олармен ойын ойнайық. Егер тәттілер бұл ойыннан сүрінбей өтсе олар мына мерекеде қалады.

/Шығыс қыздары ойын ойнатады/

 Ойын:

 Барысы: Балаларды екі топқа бөліп алады. Екі топқа бір – бірден орташа доп беріледі. Әрбір топ допты бірі – біріне беру арқылы үстінен, астынан өткізіп жылдамдыққа жарысады.

 Жүргізуші: Біздің Аяз Атамыз бен Ақақарымыз да жақындап қалған шығар. Енді оларды шақыру үшін бізге еш бөгет жоқ. Олай болса оларды барлық дауысымызбен шақырайық.

 Барлығы: Аяз Ата, Ақашақар!

 /Аяз ата мен Ақшақар кіреді/

 Аяз Ата: Амансыңдар ма, қымбатты балалар! Жаңа жыл мерекесіне арналған шыршада өздеріңдей тамаша балалармен кездескеніме өте қуаныштымын. Келе жатқан Жаңа жылымыз баршамызға құт – береке, молшылық алып келсін. Қандай әдемі баларым жиналыпты ғой мында!

 Ақшақар: Қайырлы күн, құрметті достар! Біз сендермен жаңа жыл кешінде кездескенімізге өте қуаныштымыз! Жаңа жылдық шыршаны айналып, би билеп, тақпақ айтып, ән шырқап, қызықты ойындар ойнап, жаңа жылды думанменен қарсы алайық!

 Музыкалық нөмір:

Ақшақар:

Мен білемін бір ойын,
Үйретейін сендерге.
Мен бастаймын, ал, сендер,
Аяқтаңдар ойынды.

Барлықтарын хорменен,

Маған жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр.... /Жаңа жыл!/

Қызыл мұрын, ақ мұртты,
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге .... /Аяз ата/
Шырша бүгін кәделі,
Сендер әрі ...... /Әдемі!/
Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын,
Құтты болсын ..... /Жаңа жыл!/

Балалар, ал сендер қандай жыл келе жатқаның білесіңдер ғой, ия?

 Балалар: Ия «Жылқы жылы».

 Аяз Ата: Олай болса Жылқымыз да келіп қалған сияқты...

 /жылқының шығуы/

 Жылқы:  Сәлеметсіңдер ме, Аяз Ата мен Ақшақар, сәлеметсіңдер ме балалар! Мені көп күтіп қалдыңдар ма? Міне, мен келдім. Менің жылымда барлықтарына көп қуаныш, бақыт әкелетініме мен сенімдімін. Олай болса барлығымыз билеп, көңіл көтерейік.

 Аяз Ата:Сыйлықтар барлығына жетеді. Тек әдемі шыршамыз жанбапты, ендеше шыршамызды жақпаймыз ба, балалар? Олай болса барлығымыз

бір, екі, үш, шырша,

шырша жан, деп айтайық.

 Барлығы: Бір, екі, үш,

шырша, шырша жан,

бір, екі, үш,

шырша, шырша жан,

бір, екі, үш,

шырша, шырша жан.

/шырша от шашады/

 Аяз Ата:Олай болса балалар сыйлық толы қапшығымыз бар, шыршамыз от жанып тұр, ендеше шырша әнің айтайық!

 Ақшақар: Дұрыс айтасың Аяз Ата, әрине шырша әнің айтпасақ бола ма?! Кәнеки балалар, бәріміз шеңбер жасап шырша әнің бірге айтайық!

 /осы жерде шырша әні айтылады (хоровод)/

/хороводтан кейін хабарлаусыз флеш моб билейді/

Ақшақар:  Менің ойымша, балалар да Аяз Аталарына, маған арнап әкелген тақпақ, өлендері бар болар. Ол үшін мен сендермен мына ойынды өткіземін. /варешки/

 /балалар дайыдап әкелген тақпақ, өлеңдерін ортаға шығып айтады/

 Аяз Ата:Тамаша, өте керемет өнерлі балалар екен!

 /Аяз Ата сыйлықтарын таратады/

 Аяз Ата: Айналайын балалар, менің басқа да балаларға баруым керек. Біз Ақшақар екеумізге кетуге рұқсат етіңдер. Ал сендер мерекені жылқымен жалғастыра беріңдер.

 Ақшақар: Балалар келесі жылы кездескенше аман болыңдар!

 Аяз Ата мен Ақшақар бірге: Сау болыңдар!

Жүргізуші: Қош сау болыңдар Аяз Ата мен Ақшақар!

 Жылқы:Балалар біз мерекемізді одан әрі жалғастырамыз. Көңіл көтеріп билейік бәріміз!

 Жүргізуші: Балалар бәріміз қосылып билейік!

 Музыкалық нөмір:

 /кейіпкерлердің қоштасуы/

 Жылан: Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жылқы: Жылқы жылы сендерге молшылық әкелсін!

 Жүргізуші: Қуаныш, бақыт тілейміз!

 Барлық кейіпкерлер бірге: Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

 Жүргізуші:  Қош сау – болыңыздар!

 «Қызым саған айтам,  келінім сен тыңда...» аттыЕнелер мен келіндер арасындағы сайыстың сценарийі

/Зал   тақырыпқа сай безендірілген

Фондық әуенмен жүргізушілер шығады/

 

Жүргізуші: Көкті айналса көңіл құстар,

Жан жібіткен жылулық.

Жүрек біткен құмар құштар,

Әйел деген сұлулық .

 Жүргізуші: Үміт құйған жанарға мың,

Жарың сылқым сыры көп.

Мейірім шуақ пәк арманың ,

Әйел - ана құдірет

 Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді жерлестер!  Көктемнің алғашқы айы 8 наурыз! Бұл күн – әйел адамдар үшін беу, шіркін, жайқалған гүл сияқты, бұлттан шыққан күн сияқты, өмірдің барлық кереметі шын сияқты болатын күн!Көрікті көктеммен бірге келген сұлулықтың, сыр мен сымбаттың, мерекесі құтты болсын! Бүгінгі күн жер жаһанға жылылық сыйлап, жүректерге нұр құйған ару қыздарымызды, қымбатты қыз-келіншектерімізді, абзал аналарымызды ардақтайтын күн! Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы арулар, аналар!

 Жүргізуші: Мерекеге орай, қалалық мәдени – сауық орталығы отбасылық татулық пен бірлікті арттыру барысында, қазақтың салт - дәстүрін насихаттай отырып,  мәдени өмірге қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырып отырған  «Қызым саған айтам,  келінім сен тыңда...»  байқауына хош келдіңіздер!

Жүргізуші:Қазақтың келіндері ибалы инабаттылығымен ерекшеленеді. Үлкенге қарсы келмей, күйеуін құдайындай сыйлаған, ата – енеге, қайындарына сыйлы бола білген. Ал келініне екінші ана болып, Адамға жарық ғұмыр сыйлап, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен,  ұлттық ұлылықты ұрпақ бойына әлди әнмен сіңірген, аяулы да абзал  аналарымыздың орны қашанда төрде,  қазақтың келіндеріне деген алғыс ниетпен келіндерімізге арналған сайысымызды бастаймыз.

 Жүргізуші: Құтты болсын аналардың мейрамы!

Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

Олай болса байқауға қатысушы үміткерлерді таныстыра кетейік.

____________________________________________________________

 Жүргізуші: Сайыскерлерімізбен таныс болдық. Сайыскерлерімізді дайындық үшін сахна сыртына шығарып саламыз.

-         Үміткерлерге әділ баға берер, байқауымыздың құрметті қонақтары әділ-қазы мүшелерімен таныс болыңыздар!

_________________________________________________________

 -         Әділ қазы алқаларымен таныс болдық ендеше сайысымызды бастайықЕскерте кететін жайт әділ-қазы қоятын ұпай саны ең жоғары 5 ұпай, ең төменгі – 2 ұпай. . Олай болса, І кезең бойынша  номері І сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

-         І кезең – «Таныстыру» бұл сайыс бойынша енесі келінін келіні енесін таныстырады. Ендеше кезек сіздерде

Жүргізуші: Әділ қазылар алқасының бағасы

Әйел өмір салтанаты,

Мейрамы әрі іреңі.

Бірлігіңнің арман аты,

Тіршіліктің тірегі дей келе екінші кезеңімізді бастайық. «Әсем әуен сырнайы» деп аталатын кезең бойынша біз ене мен келіннің екі дауыста ән шырқауын бақылайтын боламыз.

 Жүргізуші: Әділ қазылар алқасының бағасы

 Ақ сүт үзбей жеткіздің таңдайымнан,

Анам едің  ғұмырлық жалғайған ән.

Қайдан табам өзіңдей қамқор жанды,

Ботам дейтін  иіскеп маңдайымнандей келе

-         «Ас – адамның арқауы» демекші келесі үшінші кезеңіміз біз және әділ-қазы мүшелері ене мен келіннің қолынан дайындалған тағамды көреміз.

Жүргізуші: Әділ қазылар алқасының бағасы

 -                     Қазақ халқының салт-дәстүрі әйел-ана тағдырымен тығыз байланыста.  Қазақ халқының әріден келе жатқан өзіндік ойын –сауығы, дәстүрі, ғұрпы, салты бар. Бұлар бір күннің не бір жылдың ғана нәтижесі емес, талай ғасыр жемісі. Мәселен әдет – ғұрып, салт – дәстүрлердің сыр – сипатын түсінуде емес, оларды дұрыс орындауда. 

-                     Олай болса, бүгінгі сайыскерлеріміз қандай салт орындайды соны тамашалайық кезек номері бірінші келін мен енеде.

 Жүргізуші: Әділ қазылар алқасының бағасы

 Ана шұғыла арайланған, күн нұрынан жаралған,

Ана нәзік сезім гүлі мың бұралған алаңнан.

Ана құдірет тәңірі оның  жұдырықтай жүрегі,

Кең пейілі  кеңістігі, даналығы даламнан....

-                     Сұлулық, махаббат, әсемдік және тағы басқа жоғары сезімдер сіздер үшін әрдайым бола берсін, құрметті әйелдер! Ең бастысы ананың қамқор қолы бүкіл әлемді қорғап қалатынын білесіздер. Келесі кезең қазақ әйелінің сұлулығының тағы бір дәлелін көрсетпек. «Адам көркі – шүберек» деген қазақта жақсы бір сөз бар. Бұл кезеңіміздің шарты киіммен сәндеумен байланысты. Келін енесін заманауи үлгіде сәндеуі керек. Ал көрермен және әділ-қазы алқасы ененің сәнді киімін және жүріс-тұрысын, шәш үлгісін  бағалауымыз керек.

 

Музыкалық номер:

 Сайыскерлеріміз дайын сияқты, ендеше келесі кезеңді бастаймыз.

 Жүргізуші: Әділ қазылар алқасының бағасы

Ана идеген міне осындай теңдесі жоқ ақ арман,

Әлемдегі бар тіршілік ақ сүтінен нәр алған.

Ана шуақ, күш қуаты сәні де өмір мейрамы,

Ана деген әппақ аққу айдындағы таранған.

Отбасының  татулығының кепілдігіне маңызды рөл атқаратын асыл жандар – ене мен келін болып табылады.Ендеше біздің келесі кезеңіміз «Үйдегі тірліктен бір сәт» көрініс көрсетуі керек. Ендеше бастайық!

 Жүргізуші: Әділ қазылар алқасының бағасы

 Кие тұтқан жер көктің арасына,

Кім жетеді адамзат анасына.

Ұрпағы үшін ұлықтап ұлықтарын,

Ақ жаулығын төсеген баласына....

Өнер – әрбір адамзаттың бойынан көрінетін дарындылықтың белгісі, әрбір қыз келіншек, апалар, әжелер би билеуді ұанатады.Ендеше біздің келесі кезеңіміз «Мың бұралған бишіміз»! Қане, бәріміз бишілерімізді тамашалайық!

 Жүргізуші:  Әділ қазылар алқасының бағасы

Жүргізуші:      Балалы үй бақыт базардан,

     Сан мыңдап  ұрпақ  таралған.

     Аналар ғана мәңгілік,

     Бақытың  үшін жаралған.

-                     Құрметті көрермен, ендігі кезек асыл енелеріміз бен ару келіндерімізді ойландыратын «Сұрақ - жауап» кезеңі. Әділ қазылар алқасы алдынан келіндер сұрақ таңдап алып, енесі екеуі ойлануы керек.

Ал сайыскерлеріміз ойланғанша әсем әнді әнін қабыл алыңыздар!

 

Музыкалық номер:

 

Ендеше сайыскерлеріміз дайын болған шығар.

 -                     Ең соңғы кезеңімізге де келіп жеттік. Ол «Егер мен..» деп аталады. Ол үшін әділқазылар алқасы алдынан келіндері барып ситуациялық жағдай алуы керек.

-                     Әділ қазылар алқасын әділ баға шығару үшін, кеңес залына шағырап саламыз. Оған дейін әсем әуендер тыңдай отырыңыздар!!!

ҚОРЫТЫНДЫ.

 

Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша

Өнерлі келін мен іскер ене  атағына __________________БАС ЖҮЛДЕНІ  қанжығаларына байлап, жеңіске жетті. 

Ибалы келін мен ақылды ене атағына ___________ие болып І орынды қанжығаларына байлады.

Инабатты келін мен парасатты ене атағына _________________ІІ орынды иемденді. 

Пысық келін мен өнерлі ене  атағына  _____________________ІІІ орынға ие болды.

-                                                                                                                                                                                                  Ана десе теңселеді шың құздар,

Ана десе тербеледі жұлдыздар.

Адамзаттың ардақ тұтар асылы,

Абзал ана, ару әйел, гүл қыздар  дей келе осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Біз жеңімпаздарымызды бүгінгі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Өнерлерің өрге жүзе берсін деген тілектеміз. Келіптамашалағандарыңызға көптен көп рахмет. Алдағы 8 наурыз – халықаралық аналар мерекесінде өткізілетін мерекелік шараларда сіздерді күтеміз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Арман Қанидың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ар алдында» атты 
әдеби-музыкалық кеш

/Сахна әсем безендірілген

Фойеде ақынның көрмесі ұйымдастырылған

Сағат 11.00 де мерекелік фанфар ойналады.

Шымылдық ашылады

 

Жүргізуші:

                  «Тұр, әне, Тайга мұңыма кіріп қақпаған,

         Қолыма жатыр қайғыдан теріс ақпаған.

         Омырауынан сүт саулап өткен АЛЖИР мен

         Бухенвальт үшін

         Алдыңда қалай ақталам?!

 ..Оспадар қоғам осқылап қанды сауырын,

Арқырап зулап келеді тарпаң Дәуірім.

Азамат болсаң,

Адамзат үшін жауап бер!...

Ар-ұжданыңның алдында

Сен де, бауырым»

деп өр сөйлеуге хақылы екенін танытты. Рухани мықтылық нышаны міне осындай.

 Жүргізуші:Қайырлы күн құрметті қонақтар, қадырменді өнер сүйер  қауым!

Жүргізуші:Ән деп жүрегі соққан, туған жергедеген асыл сезім құшағында тербелген, қазақ халқының аяулы перзенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағы Басқармасының мүшесі, Павлодар облыстық филиалының директоры, «Найзатас» әдеби-көркем журналының жауапты хатшысы, «Ертіс дидары» қоғамдық газетінің редакторы Арман Қанидың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ар алдында» атты әдеби-музыкалық кешіне қош келдіңіздер!

 

Жүргізуші:Ақын - өзінің туған топырағының елшісі. Әлем ақынға қарап, оның туған халқы туралы ой түйеді. Ақын өз халқына адамзат мәдениетінің, бүкіл дүние жүзі мәдениетінің нұрын шашады. Олай болса, мерейтой иесі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Арман Бақтанұлы Қаниді қошеметпен сахна төріне шақырамыз.

 

Жүргізуші:Сөз Павлодар облысының әкімі                      беріледі.

/Облыс әкімі                                     сөзі/

 

Жүргізуші:Арман ағамыз 1954 жылы, 22 ақпанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Әжесі Кәсіп «Үш Жүзге аты мәлім Жаяу Мұсаның» қызы. Әкесі Бақтан аңшылықты, саятшылықты кәсіп еткен.

Ақын Арман ағамыз 1969 жылы Павлодар қаласындағы

№ 3 мектеп-интернаттың ұлтжанды оқушылары құрған «Жас ұлан» атты жасырын, саяси ұйымға жетекшілік етті. Талапкер ақын сол кездің өзінде компартия саясатына қарсы өлеңдер жазып, көпшілік арасында ауызша, жазбаша түрде таратқан.

 Жүргізуші:Келесі құттықтау сөз ____________________береміз.

  Жүргізуші: Арман ағаның

 «Таң алдында тұс-тұсыңнан абалап,

Дүрегейлер тұрды сені қамап-ап.

Қара жебе қадалды кеп маған да,

Тәнімді де, жанымды да жаралап»,-

шырғалаң сәттері осы өлең жолдарынан  байқалып қалады.

 Жүргізуші: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Арман Бақтанұлы отбасы – сыйластық, жарастық орнаған өнегелі орта. Қазақ әйелдері үшін басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады. Осы қағиданы берік ұстап жүрген біздің апамыз бүгін ортамызда отыр. Қол соғып қошеметтеп қояйық ағайын.

 

 

 

Жүргізуші:Сөз кезегі __________________________

 Жүргізуші:Ақынды сөйлетсек:

«Кер далада көкжал тірлік кешкелі,

Көзіндегі қып-қызыл шоқ өшпеді.

Ұлы түнде ұлып әлі тұрмысың,

Аузыңды айға білеп, аш бөрі?!»- дей отыра келесі құттықтау сөзімен сахнаға _______________________________________ шақырамыз!

 Жүргізуші: Келесі құттықтау сөз «Ертіс медиахолдинг» АҚ, «Ақпараттық талдау орталығы» ЖШС, «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья», «Регион KZ», «Шахар», газеттері, облыстық телевизия және радио басшыларына береміз.

 Жүргізуші:Арман от-басы, ошақ қасының ақыны ғана емес, терең ойдың ақыны, шабысы – шынайы тұлпардың шабысы. Арман алысқа сілтейтін ақын. Өйткені, жазғандары – халық, ел тағдыры: Маханбетше айтарын ашып айтады.

Жүргізуші:Ендеше, аспан әлемінде Арман туғанда бір шоқ жұлдыз туса, оның біреуі Арман ағамыздың жұлдызы.

 Жүргізуші: Келесі сөз кезегін_______________________беріледі.

 Жүргізуші: Құрметті өнер сүйер қауым! Кешімізді одан әрі Павлодар қаласы мен Семей каласы арасындағы «Жекпе - жек» ақындар айтысымен жалғастырамыз.

 Жүргізуші: Ассалаумағалейкүм ардақты ағайын! Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мәдени-сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен  Павлодар облысының мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосып, өнелегі өмір жолымен, өңірдің өнерін, асқақтатқан ардақты азамат, Қазақстан Жазушылар Одағы, Павлодар облыстық филиланың директоры, «Ертіс дидары» газетінің редакторы Арман Қанидің 60 жылдық мерейтойына арналған Павлодар-Семей қалалары арасындағы «Жекпе-жек» ақындар айтысына қош келдіңіздер!

 Жүргізуші:         Жыр қалаған достығының іргесін

                  Аламанның алмай қоймас жүлдесін

                                    Қазыналы қарт Семейім қол бұлғап

                             Жастарменен жібергендей жыр көшін - деп,

сахна төріне Семей қаласынан келген айтыскер ақындарын ортаға шақырамыз:

1.   ----------------------------------------------

  1. 2.   ----------------------------------------------
  2. 3.   ----------------------------------------------
  3. 4.   ----------------------------------------------
  4. 5.   ----------------------------------------------

 Жүргізуші:  Құтқа балап, ақындардың қадамын

  Керекуім күтуде әз қонағын

           Жалындаған, арындаған жастар тұр

           Сыйламаққа есіп  жырдың самалын –деп,

сахна төріне Павлодар қаласының айтыскер ақындарын ортаға шақырамыз:

 

  1. 1.   ----------------------------------------------
  2. 2.   ----------------------------------------------
  3. 3.   ----------------------------------------------
  4. 4.   ----------------------------------------------
  5. 5.   ----------------------------------------------

 

Жүргізуші: Құрметті қауым айтыс келесі тәріпте өтеді: 

Әр айтыскер жұп ақынға 20 минуттан уақыт беріледі. Айтыс ашық түрде 5-тен 10-ға дейінгі ұпаймен бағаланып, құрамы 5 адамнан тұратын қазылар алқасы төрелік етеді.

 Жүргізуші:Қадірлі өнер сүйер қауым! Бүгінгі ақындарымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

 

  1. 1.   ----------------------------------------------
  2. 2.   ----------------------------------------------
  3. 3.   ----------------------------------------------
  4. 4.   ----------------------------------------------
  5. 5.   ----------------------------------------------

 

 

Жүргізуші:Ақындарымызды қошеметпен сахна сыртына шығарып салайық.

Жүргізуші:Қымбатты өнер сүйер қауым  айтысымызды бастаймыз, ортаға қошеметтеп 1-жұп ақындарымызды шақырамыз.

Жүргізуші:Қазылар алқасы айтысың қорытындысын шығарғанша концерттік бағадрламамызды ұсынамыз.

Жүргізуші:Қадірлі көрермен қауым!  Салтанатты марапаттау рәсімізді бастаймыз. Сахна төріне қазылар алқасы мен айтыскер ақындарымызды шақырамыз.

 

Марапаттау рәсімі

 

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Арман Бақтанұлының адами асыл қасиеттері жайында, мазмұнды да қызықты  ой бөліскендеріңіз үшін шын жүректен үлкен алғысымызды білдіреміз.

 Жүргізуші: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Арман Қанидың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ар алдында» атты әдеби-музыкалық кеші өз мәресіне жетті. Көріскенше күн жақсы! Сау-сәләмәттә болыңыздар!

 

   Облыстық  «Сарбаз конверті» атты 

әскери - патриоттық әндер сайысының сценарийі

 

Жүргізуші:  Қайырлы күн, құрметті өнер сүйер қауым! Павлодар облысы мәдениет басқармасының қолдауымен және Облыстық  «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени - сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған Облыстық «Сарбаз конверті» атты әскери – патриоттық әндер сайысына қош келдіңіздер!

 Добрый день уважаемые гости нашего конкурса! От всей души приветсвуем Вас на военно - патриотическом конкурсе «Сарбаз конверті», посвященный Дню защитника Отечества и Дню Победы!

 Сайыстың мақсаты:

1. Жастарды Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді құрметтеу;

2. Әскери - патриоттық әндерді жастар арасында насихаттау;

3. Облыс бойынша патриоттық әндерді орындайтын талантты балаларды айқындау және оларды қолдау;                                                        

4. Өнерлі жас әншілерін қазақстандық патриотизмге, Отанға, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, батырлыққа тән қасиеттерге баулу; 

5. Отанды қорғау, қадірлеу, Отан алдындағы борышты ақтауға тәрбилеу.

 

Құрметті көрермендер олай болса сахна төріне сайыстың үміткерлерін шақырамыз.

 Жүргізуші:Сайыстың жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы бес адамнан тұратын қазылар алқасы төрелік етеді. Қазылар алқасы мына критерийімен, яғни

1. Орындалатын шығарманың  мазмұны тақырыпқа сай болуы;

2. Орындау шеберлігінің деңгейі;

3.Сахналық мәдениеті мен әртістік шеберлігін бағалайды.

 Олай болса қазылар алқасымен таныстырып өтсек.

 Ал енді үміткерлерімізге сәттілік тілеп қатысушыларды қошеметтеп сахна сыртына шығарып салайық.

Осы орайда сайысты өткізудің шарты мен тәртібін де таныстырып өтейік.

          Қатысушыларымыз жеке орындауда, дуэт, трио, квартет 16 - 25 жас аралығында 2 музыкалық шығарма, яғни әскери әндер репертуарынан және патриоттық әндерді орындайды.

Олай болса Облыстық  «Сарбаз конверті» атты әскери - патриоттық әндер сайысының бірінші әскери әндер бөлімін бастауға рұқсат етіңіздер! Сахнаға бірінші үміткерімізді шақырамыз.

 

  1. ---------------------------------- «Катюша»
  2. ---------------------------------- «На безымянном высоте»
  3. ---------------------------------- «Обелиск»
  4. ---------------------------------- «Журавли»
  5. ---------------------------------- Попурри на тему военных песен /«Эх,дороги...», «Путь – дорожка фронтовая», «Темная ночь», «Огонек», «От Москвы до Бреста нет такого места», «Катюша»/
  6. ---------------------------------- «Если б не было войны»
  7. ---------------------------------- «Молитва матери»
  8. ---------------------------------- «Сапқа тұр жауынгер»
  9. ---------------------------------- «Жойылсың соғыс деген сөз»
  10. ---------------------------------- «Сарбаздар»

 

Жүргізуші: Қатысушыларымзға қошемет көрсетіп қояйық құрметті қонақтар.

 Ал енді екінші патриоттық әндер бөлімін бастайық.

Сахна төріне бірінші қатысушымызды шақырамыз.

Жүргізуші:Құрметті көрермендер, қазылар алқасы, осымен екі бөлім де аяқталды. Сіздерді шешім қабылдауға шығарып саламыз. Ал қазылар әділ бағаларын беріп, шешімін шығарғанға дейін сіздердің назарларыңызға шағын концерттік бағдарламаны ұсынамыз.

  

/концерттік бағдарлама/

 

Жүргізуші: Құрметті көрермендер Облыстық  «Сарбаз конверті» атты әскери - патриоттық әндер сайысының жеңімпаздары анықталды, олай болса сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

 

/марапаттау рәсімі/

 

Облыстық  «Сарбаз конверті» атты әскери - патриоттық әндер сайысында тамаша өнер көрсеткені үшін _________________________

алғысымызды білдіреміз.

 

Дәл осындай алғыс хат _______________________________________ табысталады.

Облыстық  «Сарбаз конверті» атты әскери - патриоттық әндер сайысында арнайы номинациялар бойынша

«Көрермендер көзайымы» номинациясына ие болған ______________

марапатталады.

 «Патриоттық әнді шебер орындаушы» номинациясына ие болған ______________________________________________марапатталады.

 

«Әскери әнді шебер орындаушы» номинациясына ие болған ______________________________________________марапатталады.

 

Облыстық  «Сарбаз конверті» атты әскери - патриоттық әндер сайысында ІІІ орынға иеболған_________________________________  дипломмен марапатталады.

 

Дәл осындай дипломмен ІІ орынға ие болған______________________ марапатталады.

 

Және І орынға ие болған _____________________________________ марапатталады.

 

Жүргізуші: Осымен құрметті өнер сүйер қауым, бүгінгі облыстық «Сарбаз конверті» атты әскери - патриоттық әндер сайысы өз мәресіне жетті.  Келе жатқан Жеңіс күніміз құтты болсын. Ардагерлеріміз аман, Отанымыз тыныш болсын, әр отбасына береке – бірлік, шаттық пен бақыт тілейміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

 

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Облыстық «Ертіс Баян жұлдыздары» фестивалі аясында «Жауқазын» көркемөнерпаз балалар шығармашылығы сайысының сценарийі

 

/Сахна безендірілген «Жауқазын» әнімен ашылады, әннен кейін сахнаға жүргізушілер шығады/

 

Жүргізуші:                  Бақыт, шаттық – бейбіт күннің айғағы,

Жайнай берсін туған жердің аймағы.

Езуіңнен күлкі кетпей бүлдіршін,

Болып өссін туған елдің қаймағы.

 Қайырлы күн, қымбатты қонақтар! Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Облыстық «Ертіс Баян жұлдыздары» фестивалі аясында «Жауқазын» көркемөнерпаз балалар шығармашылығы сайысына қош келдіңіздер!

 Жүргізуші: Добрый день, дорогие дети и гости нашего конкурса! Приветствуем Вас на областном конкурсе детского самодеятельного творчества  «Жауқазын»,  посвященный   к  международному Дню защиты детей!

Сегодня у нас замечательный праздник, особенный праздник – праздникдетства, жаркого и веселого лета. А лето – это всегда пора каникул и веселья. И неспроста, что каждое лето начинается этим, самым любимым, детским праздником, когда сбываются все желания и мечты детей всего мира!

 

Жүргізуші:                  Жайдары жүз жадырасын, жайнасын,

Жас жеткіншек күлсін, еркін ойнасын.

Сабақтасып бала шақпен болашақ,

Ұрпақ қамын аға - апалап ойласын.

 

 «Жауқазын» көркемөнерпаз балалар шығармашылығы сайысы балаларды өнерге, көркемөнерпаздық  шығармашылыққа баулу, оларға патриоттық сезімге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру және эстетикалық тәрбие беру, халық шығармашылығы жанрларын насихаттау мақсатында өткізіліп отыр. Сайыстың шарты бойынша Облыстық «Жауқазын» сайысына «Ертіс – Баян жұлдыздары – 2014» облыстық орындаушылық өнер фестивалінің іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер жолдама алды.

Ал қазір осы жолдама алған үміткерлерді сахна төріне шақырамыз.

 Сайыстың жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы бес адамнан тұратын қазылар алқасы төрелік етеді. Қазылар алқасы мына критерийлармен, яғни орындаушылық шеберлігін, сахналық мәдениеті мен әртістік өнерін және сахналық киімінің орындалатын шығармаға сай болуын бағалайды.

Олай болса қазылар алқасымен таныстырып өтсек.

 

  1. 1.   ----------------------------------------------
  2. 2.   ----------------------------------------------
  3. 3.   ----------------------------------------------
  4. 4.   ----------------------------------------------
  5. 5.   ----------------------------------------------

 

Осы орайда сайысты өткізудің шарты мен тәртібін де таныстырып өтейік.

              Қатысушыларымыз жеке  орындауда, дуэт, трио, квартеттердің орындалуында эстрадалық, халық шығармаларды орындауы тиіс. Қатысушылар ереже бойынша жасы 7 - ден 14 - ге дейін болуы тиіс және 1 шығарма орындайды.

Ендеше облыстық «Жауқазын» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! Сахнаға бірінші үміткерімізді шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

  Жүргізуші: Құрметті көрермендер, қазылар алқасы, осымен барлық үміткерлер өз өнерлерін көрсетті. Құрметті қазылар алқасы Сіздерді шешім қабылдауға шығарып саламыз. Ал қазылар әділ бағаларын беріп, шешімін шығарғанға дейін сіздердің назарларыңызға шағын концерттік бағдарламаны ұсынамыз.

 

/концерттік бағдарлама/

 

Жүргізуші: Құрметті көрермендер Облыстық  «Жауқазын» сайысының жеңімпаздары анықталды, олай болса сахнаға барлық қатысушыларды шақырамыз.

 Құрметті көрермендерОблыстық «Ертіс Баян жұлдыздары» фестивалі аясында «Жауқазын» көркемөнерпаз балалар шығармашылығы сайысының жеңімпаздары анықталды, олай болса сөз кезегін қазылар алқасына береміз.

 /марапаттау рәсімі/

 Облыстық «Ертіс Баян жұлдыздары» фестивалі аясында «Жауқазын» көркемөнерпаз балалар шығармашылығы сайысында тамаша өнер көрсеткені үшін

____________________________________________________________

алғысымызды білдіреміз.

 Дәл осындай алғыс хаттар табысталады.

Арнайы дипломдармен Облыстық «Ертіс Баян жұлдыздары» фестивалі аясында «Жауқазын» көркемөнерпаз балалар шығармашылығы сайысында арнайы номинациялар бойынша

«Ең үздік вокалдық тобы» номинациясына ие болған

 ____________________________________________________________

марапатталады.

 

«Көрермендер көзайымы» номинациясына ие болған

 

__________________________________________________________марапатталады.

 

«Балдырған» номинациясына ие болған

 

_______________________________________________________марапатталады.

 

Сондай – ақ Облыстық «Ертіс Баян жұлдыздары» фестивалі аясында «Жауқазын» көркемөнерпаз балалар шығармашылығы сайысында ІІІ орынға ие болған

 

_______________________________________________________  марапатталады.

 

Дәл осындай дипломмен ІІ орынға ие болған

 

_______________________________________________________ марапатталады.

 

Және І орынға ие болған

 

____________________________________________________________ марапатталады.

 

Жүргізуші: Осымен құрметті өнер сүйер қауым, бүгінгі Облыстық «Ертіс Баян жұлдыздары» фестивалі аясында «Жауқазын» көркемөнерпаз балалар шығармашылығы сайысы өз мәресіне жетті. 

 Жүргізуші:Құрметті балалар, Сіздерге өмірдің бар жақсылығын, ең әдемісін тілейміз. Біздің сайысымызды көріп тамашалуға келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

 

 «Замандас» жастар клубының «Тілге құрмет – елге құрмет» атты оқушылар арасындағы  сайыстың сценарийі.

 

«Тілге құрмет – елге құрмет» Мақсаты: Оқушыларды ана тілін сүюге, қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.

Би: Қазақ биі

Жүргізуші:        (жай музыка қосылып тұрады)

          Туған тілім – тірілігімнің айғағы,
                   Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
                   Өшсе тілім, менде бірге өшемін,
                   Өссе тілім, мен де бірге өсемін.

Жүргізуші:Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, достар!
1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды. Біздің ата мекеніміз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан – достықтың киелі мекені. Республикамызда 130- дан астам ұлт өкілдері мекендейді. Бүгінгі «Тілге құрмет – елге құрмет» атты сайысқа қош келдіңіздер!

Жүргізуші:Әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

  1. 1.   ----------------------------------------------
  2. 2.   ----------------------------------------------
  3. 3.   ----------------------------------------------
  4. 4.   ----------------------------------------------
  5. 5.   ----------------------------------------------

 

Жүргізуші:Құрметті оқушылар, алдыменен 3 топқа бөлінеміз, әр топ 8 адамнан құрайды.

 

Жүргізуші:Құрметті сайыскерлер!  «Тілге құрмет – елге құрмет»  атты сайысымыз негізінен  6 кезеңнен тұрады: 
1 кезең
. Топты таныстыру. (5 минут)

2 кезең. «Менің елім – Қазақстан» тақырыбына өлең оқу немесе ойдан шығару. (8-10 минут)

 

музыкалық номер

3 кезең. Бұл кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек. 

1. А.Байтұрсынов кім?

3. Қазақ тілінде неше септік бар? 
4. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің толық аты-жөні кім? 
5. Жүз жасаған ақын? 
6. «Шаһар» сөзінің синонимі? 
7. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? 
8. Тұрлаусыз мүшелерді ата? 
9. М.Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата. 
10. Әл-Фарабиді неліктен «Екінші Ұстаз» деп атаған? 
11. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды? 
12. «Ақылды» сөзінің түбірі? 
13. Абайдың қанша қарасөзі бар? 
14. Ата Заң күні қашан? 
15. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім? 
1. «Бес Арыс» деген кімдер? (Ш.Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев )
2. Жалғаудың неше түрі бар?  (көптік,септік, тәуелдік, жіктік)
3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер? 
4. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? 
5. Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу? 
6. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады? 
7. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман? 
8. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 
9. «Көксерек» әңгімесін кім жазған? (Мұхтар Әуезов)
10. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан? 
11. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
12. Білім және Ғылым Министрі кім? 
13. Қазақстан жерінен өткен жол. 
14. «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? 
15. Әнұранның авторларын атап бер. 
4. «Оян қазақ» кімнің шығармасы? 
5. Түркістан қазақ халқының қандай қаласы? 
6. Шоқанды не үшін «сегіз қырлы» дейміз? 
8. Абайдың туған жылы. 
9. Абайдың қандай өлеңдері бар? 
10. ҚР-ның астанасы қай қала? Бас қаласы қай қала? 
11. Құлагер кімнің аты? 
12. ҚР-ның рәміздерін ата. 
14. «Домбыра» өлеңін кім жазған? 
15. Шахмат ойынына ұқсас қазақтың ұлттық ойыны. 


4 кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» деп аталады, яғни таңдап алған дәстүріңізді түсіндіру және көрсету (үзінді)

 

музыкалық номер

5 кезең. «Сен не істейсің?» 
І топ сұрағы

Жаңа сойылған қойдың еті, ішек, тұз, сарымсақ, ағаш пен жіп, пышақ сияқты заттар пайдаланып, сен не істер едің? 

ІІ топ сұрағы
2. Майда еттартқыштан өткізілген ет, оқтай-тақтай, жуа, ұн, су, май сияқты заттарды пайдаланып, сен не істер едің? 
ІІІ топ сұрағы
3. Ет, жуа, ұн, тұз, су, леген, тақтай, пышақ болғанда, сен не істер едің? 

 

6 кезең. «Тапқырлық» деп аталады. Берілген мақаладағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. 

Cұрақтар: 
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 
2. Бал тамған тілден ... (у тамған). 
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар). 
4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс) 
5. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар) 
6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ). 
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер). 
8. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ). 
9. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 
10. Тіл қылыштан ... (өткір). 
11. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді). 
12. Тілден артық ... (қазына жоқ). 
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді). 
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде). 
15. Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл). 
16. Өнер алды - ... (қызыл тіл). 
17. Айтылған сөз - ... (атылған оқ). 
18. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады). 
19. Басқа пәле - ... (тілден). 
20. Білім кілті - ... (тіл). 
21. Тілге құрмет - ... (елге құрмет). 

         Жүргізуші: Бүгінгі «Тілге құрмет – елге құрмет» атты көңілді тапқырлар кешіміз өз мәресіне жетті.  Сайысымызды әділ қазылар алқасы қорытындылағанша тамаша ән тыңдайық.

                                      музыкалық номер

Марапаттау рәсімі.

 

         Жүргізуші:  Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

 

Жүргізуші:Кешімізге келіп қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

 

8   наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған

«Ана деген- алтын қазық, алтын бақ» 

мерекелік сценарийі

 

/сахна гүлдер, шарлармен безендіріледі/

 

1–топтама. Әдемілік пен нәзіктік әлемі.

 

Композиция «Көктемнің келуі» - соңынан баласын көтерген Ана шығады.

Музыкалық номер:

 

/ көп балалы аналар жайлы бейнефилм көрсетіледі/

 

2– топтама. Аяулы жандарға гүл шоқтары.

 

1 жігіт:             Алдымызда наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз-

Адамның

Ана, әйел, қыздарға айтар лебізі.

 

2 жігіт:             Келе жатқан мереке құтты болсын!

                          Денсаулықтарыңыз мықты болсын.

Шапағат-нұр, шаттық отын төгіп,

Өмірлеріңіз әрқашан нұрлы болсын!

 

3 жігіт:             Мейірімді жүздеріңізден айналайын,

Шуақ шашқан көздеріңізден айналайын.

Ақ сүт беріп әлпештеген баланы,

Кәусар бұлақ сөздеріңізден айналайын.

 1 жігіт: Қайырлы күн құрметті қонақтар!

 

2 жігіт:Армысыздар құрметті де, асыл аналар мен әйелдер!

 

3 жігіт:Дәстүрлі мереке қарсаңында абзал жанды аналар мен және ауданымыздың көркеуіне үлес қосып келе жатқан әйел жолдастарымен, яғни сіздермен өткізейін деп отырған салтанатты кешімізге баршаңызда ХОРМЕН:Қош келдіңіздер!!

 

1 жігіт: Осындай гүл жайнаған ғажайып мерекеде сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілейміз!

 

2 жігіт: Тамаша көктем мерекесінде сіздерге зор денсаулық және мол бақыт тілейміз!

 

3 жігіт: Жарқын да, тамаша мерекелеріңіз құтты болсын, сүйкімді, сүйікті, ардақты, абзал жандар!

 

1 жігіт: Құттықтау сөз аудан әкімі _______________________беріледі.

 

М  А  Р  А  П  А  Т  Т  А  У

1 жігіт: Құрметті ханымдар! Баршаңызға арналған гүл шоқтарын қабыл алыңыздар!

 

Музыкалық номер:

 

3–топтама. Асыл әжелер.

 

Сырттан 2 жігіттің дауысы: Мақтасақ- әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. Әйел-ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе!.....  

 

Көрініс «Өлімді жеңген ана»орын.

 

 1 жігіт:          Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейміз жас сәби де жарқылдап.

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-алтын қазық, алтын бақ - деген өлең шумақтары, өмірдің тауқыметің көрсе де, жеңілмей, балаларына алтын қазық бола білген асыл да ардақты әжелерімізге арналғандай.

 

2 жігіт: Осындай әжелерімізді қашанда адамзаттың жүрегі, тіршіліктің тірегі, отбасының қала берді, бүкіл бір әулеттің алтын діңгегі болып перзенттерін өсіріп, тәрбиелеп, қоғам дамуына атсалысқан ерен ерліктеріне басымызды иеміз.

 

3 жігіт: Қонақтар бүгінгі салтанымыздың құрметті осы әжелерімізідің тобын сахна төріне шақырамыз.

  1.  
  2.  
  3.  
  4.  
  5.  

 

2 жігіт: Мерекелеріңіз құтты болсын асыл әжелер, өздеріңізге арналған музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар!

 

Музыкалық номер:

 

                           4-блок. Батыр да, ардагер аналарға мың тағзым

 

Сырттан 3 жігіттің дауысы: Ақыл-ойдың тұнығынан нәр алған,

Мөлдір сезім, әсем өмір, ақ арман.

Ыстық құшақ, аппақ пейіл, бәрі де,

Аналардың ақ сүтінен жаралған.

 

Композиция орындалады.

 

1 жігіт: Соғыс жылдары және соғыстан кейінгі ауыр жылдары балалық шақтары өткен абзал жандардың бір тобы бүгін біздің қонақтарымыз.

 

2 жігіт: Еліміздің басындағы қиын қыстау кезеңде еңбек ерлігінің тамаша үлгісін көрсеткен тыл және еңбек ардагерлері асыл аналарымыз отыр осы залда.

 

1 жігіт:           Шеше!

Сен бақыттысың, жыламағың.

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағың, жыламағың

Бармын ғой

Тірімін ғой

Қасыңдамын

Өлмеймін мен өзіңдей асылдармын.

2 жігіт:           Таусылып, өз-өзіңмен шашылмағын

Байырғы берекеңді қашырмағың.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,

өзім кепіл тот басып төзбасыңа.

Екі жыр жазсам саған арнап,

«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.

 

1 жігіт:           Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазам сенің есіміңді.

Шеше!

Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігіңді.

 

2 жігіт: Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали ағамыздың осы бір жыр шумақтары бүгінгі біздің төрімізде отырған, асыл әжелеріміз тыл және еңбек ардагерлеріне арналғандай.

 

1 жігіт: Қадірменді ардагерлер сіздерді сахна төріне көтерулеріңізді сұраймыз,

  1.  
  2.  
  3.  
  4.  

 

2 жігіт: Сүйікті де, асыл әжелер, сіздерді тамаша көктемгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

 

Музыкалық номер:

 

5- топтама. Өз ісінің үздіктері

 

Сырттан диктор дауысы:

Өмірге ана- бақыт, ана-пана

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай шешен, талай көсем

Талай ер, талай ақын, талай дана.

 

1 жігіт: Әйел–жаны еңбекшіл келеді. Ол сұлулығы мен мейірімділігі арқасында өмірдің мәңгілік тепе-теңдігін сақтай отырып, өзінің барша  ғаламға қажеттілігін ұмытқан емес.

 

2 жігіт:

Әйелдерсіз өмір алға баспайды.

Мейірімі дүниеннің қанбайды.

Күн шуағы терезеңнен түспейді.

Әйелдерсіз үйде отың жанбайды.

 

1 жігіт:        Өмір барын әйел айтар  ұқытырып,

Қайғыңды да жібереді ықтырып.

Әйелдердің тал бойында тұнып тұр,

Сұлулық та, нәзіктік те, мықтылық.

 

2 жігіт:Ия, біздің ардақты әйелдер қауымы қазіргі таңда Тәуелсіз еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлестерін қосуда өз орындарын тапқан жандар.

 

1 жігіт:Бүгін біздің арамызда өз ісінің озаттары бір топ үздік мамандық иелері отыр.

 

 

2 жігіт:Сахна төріне өз ісінің үздіктері аяулы жандарды шақырамыз

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

 

Сіздердің ерен еңбектеріңіз үшін мың да бір рахмет айтамыз. Жарқын тамаша мерекелеріңіз құтты болсын, сүйкімді, сүйікті ардақты, абзал жандар!

 

 

Музыкалық номер:

 

6-топтама. Үздік мамандық иелері.

 

1 жігіт:           Ананың қоғам өміріндегі алатын орнеы ерекші.

Ана-перзент тәрбиелеуші,

Ана-қызметкер

Ана-ғалым

Ана-ғарышкер.

 

2 жігіт:

Қандай мамандықты таңдаса да әйел-ана қоғамда атқаратын алғашқы мамандығы ұрпақ тәрбилеуші.

 

1 жігіт:Бүгінгі біздің қонақтарымыздың арасында  өмірдегі өз орнын тауып, өз мамандықтарының білгірі атанып, ұжым мақтанышына айналған, елімізідің өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген ардақты жандардың тағы бір тобы отыр.

 

2 жігіт:Құрметті де, аяулы жандар сіздерді сахна төріне шақырамыз:

  1.  
  2.  
  3.  
  4.  
  5.  

 

1 жігіт: 8-наурыз мерекелеріңіз құтты болсын абзал жандар.

 

Музыкалық номер:

 

7-топтама.  Іскер әйел

1 жігіт: Ана-қайраткер, ана-ақын, ана-дәрігер, ана-ел қалаулысы.

 

2 жігіт: Ал қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның замандасы қандай десеңші, олар осы заман қарқынына сай іскер әйелдер, яғни кәсіпкер әйелдер.

 

1 жігіт: Бұл апайларымыз білуден, үйренуден жалықпайтын, өзінің өмір сүру тізгінің босаңсытпай өзгеге үлгі бола білген, өз ісін жете меңгерген ізгі жандар.

 

2 жігіт: Бүгін біздің арамызда отырған қоғамның алдыңғы қатарлы қызметкерлерді, кәсіпкер жандарды сахна төріне шақырамыз. Олар:

  1.  
  2.  
  3.  
  4.  
  5.  

 

1 жігіт: Құрметті асыл жандар сіздерді ғажайып мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

 

2 жігіт: Еңбектеріңіз жана берсін!

 

Музыкалық номер:

 

ФИНАЛ

 

1 жігіт:        Ай-күн сынды аспандағы,

Жарық дүние қасқалдағы

Ақ әжелере аман болсын!

2 жігіт:        Ақ сүтімен асыраған,

Теңдесі жоқ асыл адам-

Ақ аналар аман болсын!

1 жігіт:        Қырмызыдай көз суарған,

Сыр сапырған сөз тұғырдан

Ақ жеңгелер аман болсын!

2 жігіт:        Нұрлы жүзі шуақтанған,

                     Бауыр десе қуаттанған

                     Жан әпкелер аман болсын!

1 жігіт:        Ерін күтіп елегізген

                     Бесік тербеп, бала емізген

                     Жас келіндер аман болсын!

2 жігіт:        Көркі естен таңдыратын

                     Көздің жауын алдыратын

                     Ару қыздар аман болсын!

 

1 жігіт:           Басқан ізі білінбеген

Ақ жолынан сүрінбеген

Қарыңдастар аман болсын!

 

2 жігіт:           Алтын құрсақ ел анасы

Құтхананың белағашы-

 

ХОРМЕН:

Әйел заты аман болсын!

 

Музыкалық номер:

 

1 жігіт: Құрметті де, асыл аналар, ару әйел, гүл-қыздар! Өздеріңізге арналған мерекелік салтанатымыз аяқталды.

2 жігіт:  Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

 

3 жігіт:   Сүйікті де қадірлі жандар сіздерге мол бақыт тілейміз!

 

О   Т   Ш   А   Ш   У

 

  

 

 

 

 

 

 

 

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov