КМҚК «Шаңырақ» Облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығы :: «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени - сауық қызметі орталығы»

«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени - сауық қызметі орталығы»

Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар облысы  мәдениет басқармасының Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени - сауық қызметі орталығы»  140000 Павлодар қ., Кутузов көшесі 1. «Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени - сауық қызметі орталығы» аймақтағы ұйымдастырушылық - әдістемелік және мәдени - сауық қызметінің аймақтағы негізгі базасы болып табылады, ондағы жұмыстың шешуші бағыттары қазақ халқы мен облыста тұратын  халықтардың  мәдени құндылықтардың музыкалық, этнографиялық мұраларын жаңғырту, дамыту және сақтау, облыстың мәдени - сауық мекемелерінің бұқараға әдістемелік ықпалына жағдайлар туғызу, облыстық фестивальдер, байқаулар, көркемөнерпаздық өнер мен халық шығармашылығы сайыстарын ұйымдастыру. «Облыстық «Шаңырақ»  халық шығармашылығы мен мәдени - сауық қызметі орталығы» өз жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен шешімдеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары мен  Қазақстан Республикасы ақпарат, мәдениет және спорт Министрлігінің бұйрықтарына, әкімдік Қаулыларына, кәсіпорын Жарғысына сәйкес құрады.  Облыстық халық шығармашылығы орталығының үнемі қарауындағы мәселе, сонымен қатар, мәдениет мекемелерінің әлеуметтік маңызын көтеру болып табылады.Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени - сауық қызметі орталығының басты ерекшелігі – облыс клуб мекемелерін басқаруды бір жерге топтастыруы, оларға әдістемелік көмек беруді, халық шығармашылығының түрлі жанрларын тамаша үлгілер арқылы  дамуына ықпал етуі, «Шаңырақ» орталығының шығармашылық ұжымдарының базасында көркемөнерпаз ұжымдарына тәжірибелік көмек беруі.

«Шаңырақ» орталығының басшысы: Аяпбергенова Риза Шайхықызы

Жұмыс уақыты: сағ. 09.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30 дейін, демалыс сенбі, жексенбі

«Шаңырақ» орталығының көрермендер залындағы  орын  саны:  383 орын үлкен залда, 100 орын кіші залда.

Электрондық мекенжайы - shanyrak_001@ maiI.ru

сайт: www. shanyrak.org.kz

 «Шаңырақ» орталығында 4 бөлім жұмыс атқарады

- мәдени сауық қызметі бөлімі;

- халық шығармашылығы бөлімі;

- оқу - әдістемелік бөлімі;

- есеп бөлімі

Клубтық құрылымдар саны, ондағы көркемөнерпаздар ұжымдары, соның ішінде «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар ұжымдар.

Клубтық құрылымдар саны -11, қатысушылар саны - 481,

-       «Томирис» «үлгілі» қазақ-шығыс би ансамбілі. «Ақ көгершін» ІХ

Халықаралық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауының 2 орын иегерлері, республикалық, облыстық фестиваль мен байқаулардың лауреаттары;

-      «Пламя» «халықтық» вокалдық ансамблі,

-      «Шаңырақ» хореографиялық би ансамблі. Астана қаласында өткен «Ақ көгершін» ІХ Халықаралық балалар шығармашылығы фестиваль - байқауының дипломанттары

-      «Жас қанат» эстрадалық студиясы. Студияның әншілері  республикалық, облыстық байқаулардың лауреаттары

-      «Желдірме» ақындар мектебі.

-      «Шаңырақ сазы» халықтық фольклорлық - этнографиялық ансамблі, халықаралық фестивальдердің  дипломанттары

-      «Өнеге» домбырашылар триосы,

-      «Нартұлға» ардагерлер қоғамы,

-       «Жасын» интеллектуалдық танымдық жастар клубы.

-      «Шаңырақ»вокалдық квартеті

-      «Замандас» ардагерлер клубы 

 

 

Оқиғалар

29

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 29 қаңтар күні сағат 12.00-де Қ. Әбусейітов атындағы...
26

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 26 қаңтар күні сағат 12.00 –де Ленин кенті...
26

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 26-27 қаңтар күндері аралығындағы «Шаңырақ» орталығының үлкен залында...
24

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 24 қаңтар күні сағат 16.00 –де Екібастұз қаласы...
24

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 24 қаңтар күні сағат 11.00 –де Екібастұз қаласы...
24

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 24 қаңтар күні сағат 11.00 –де "Шаңырақ" орталығының...
24

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 24 қаңтар күні сағат 15.00 –де "Шаңырақ" орталығының...
22

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 22 қаңтар күні сағат 11.00 –де Баянауыл ауданы...
19

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 19 қаңтар күні сағат 16.00 –де Ақтоғай ауданы...
19

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 19 қаңтар күні сағат 11.00 –де Ертіс ауданы...
17

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 17 қаңтар күні сағат 15.00 –де Павлодар ауданы...
15

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 15 қаңтар күні сағат 16.00 –де Ақсу қаласы...
15

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 15 қаңтар күні сағат 11.00 –де Май ауданы...
12

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 12 қаңтар күні сағат 16.00 –де Качир ауданы...
12

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 12 қаңтар күні сағат 11.00 –де Железин ауданында...
11

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 11 қаңтар күні «Шаңырақ» орталығының үлкен залында 5512...
10

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 10 қаңтар күні Шарбақты ауданы Галкино ауылдық Мәдениет...
08

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 8 қаңтар күні сағат 11.00 –де Лебяжі ауданы...
07

Қаңтар , 2018

2018 жылдың 7 қаңтар күні сағат 10.00- де «Шаңырақ» орталығының...
12

Желтоқсан , 2017

2017 жылдың 12 желтоқсан күні сағат 15.00-де «Шаңырақ» орталығының кіші...

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?

Сұрақтар мұрағаты