«Замандас» жастар клубы
Қысқаша ақпарат: Клуб жастармен жұмыс істейді. Жастар клубының жұмысын ұйымдастырады. Тақырыптық іс-шаралар өткізеді. Жастарды қоғамдық мәселелерге бейжай қарамауға, қоғамдық өмірге белсенділікке тартады және тәрбиелеумен айналысады. С. Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПУ, орта білім беру ордаларының студенттерімен диспуттар өткізеді. Танымал тұлғалармен, мәдениет пен ғылым саласының тарландарымен кездесулер, шығармашылық кештер ұйымдастырады. Интеллектуалдық ойындар, танымал жерлестер, мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған музыкалық - әдеби кештер өтеді. «Замандас» клубында Павлодар облысы мектептерінің оқушылары белсенді түрде қатысатын Жасын» атты жаңа зияткерлік - танымдық жоба енгізілді.
Жетекшісі: Мұқанова Гүлсамиға Егешқызы
Қатысушылар саны: «Замандас» клубында қатысушылар – 20 адам, «Жасын» интеллектуалдық-танымдық жобасына 10-14 жас аралығындағы 100 оқушы қатысады.