КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Ақындар мектебі

Ақындар мектебі

IMG-20190212-WA0020

IMG-20190212-WA0016

 

Қысқаша ақпарат: Ақындар мектебі 2003 жылы «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы жанында әуесқой ұжым ретінде ұйымдастырылды. Мектеп құрылғанға дейін ақындар айтысқа өзі жеке дара дайындалып қатысты. Бүгін Асығат Тұрғанбек бастаған мектеп барлық ақындарды біріктіріп, олармен мақсатты, тәрбиелік, шығармашылық жұмыс жүргізеді. Жас ақындар дайындайды,оқушылар мен студенттер арасында дарынды жастарды іздейді. Ақындар республикалық, халықаралық, аймақтық және облыстық айтыстарға қатысуда. Олардың ішінде облыс бойынша белгілі есімдер: Тілек Сейітов, Қазбек Сағидолла, Аспанбек Шұғатаев, Рауан Қайдаров, Серікболсын Дүйсенбай, Айбек Қалиев және т.б. бар. Бүгінде ақындар мектебінде 20-дан астам адам бар. Облыстық «Шаңырақ» орталығында жас ақындар арасында айтыстар, ретро айтыстар, мектеп оқушылары арасында, мемлекеттік мерекелерге арналған өзге де айтыстар өткізіледі. Ұжым жетекшісі: Асығат Тұрғанбек Қатысушылар саны: 20 адам Жетістіктері мен перспективалары:

1. Нұрбек Бәкір - Республикалық «Жыр алабы-Жамбыл» атты жас ақындар айтысында Есенқұл Жақыпбеков атындағы «Атаулы жүлдеге» /Алматы қ./ ие болды.

2. Аспанбек Шұғатаев - Республикалық ақындар айтысында І орын, Шығыс Қазақстан облысында өткен Қалижан Алтынбаевтың 90 жылдығына орай өткен айтыстың, Ақтөбе қаласында өткен «Ақтөбе менің, еңселі, жырға қосамын мен сені» атты республикалық ақындар айтысының «Атаулы жүлде», Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай кентінде өткен«Туған жерге туыңды тік» халықаралық айтысының «Атаулы жүлде» иегері.

3. Абзал Кабдраш«Екібастұз жәннат жайым, алтын бесік мекенім» атты Республикалық ақындар айтысынан «Алғыс хат» Екібастұз қ.

4. Нұрқанат Қайрат - Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысынан «Алғыс хат» иегері. Астана қаласында өткен Республикалық ақындар айтысында І орын, облыстық ақындар айтысында ІІ ОРЫН, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында студенттер арасында өткен «Азаттық таңы - алаштың жаны» айтысында І орын/Павлодар қаласы/, екібастұз қаласында өткен ақындар айтысында «Арқалы ақын» номинациясының иегері.

5. Қуаныш Шарманов Екібастұз қаласында өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған облыстық ақындар айтысында«Алғыс хат», Екібастұз қаласының 60 жылдығына арналған аймақтық ақындар айтысында «Атаулы сыйлық», Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауылында өткен «Туған жерге туыңды тік» атты республикалық ақындар айтысында«Атаулы сыйлық».

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov