КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Солистер

 IMG_9176

  Қысқаша ақпарат: 2017 жылы облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы жанынан құрылған. Ұжымның репертуары әр түрлі жанрдан. Облыстық, қалалық шараларға белсенді қатысады. Үнемі шығармашылық ізденісте және қарқынды дамып келеді. Әншілер 2018 жылы жаз бойы «Ертіс променад» сахнасында апта сайын концертке белсене қатысты. Сондай-ақ, Павлодар қаласының балалар үйлеріне, «Ардагер» шипажайына, «Самал» оңалту орталығына, 6679 және 5512 әскери бөлімдерге қайырымдылық концерттерін қояды. Кавртет көбіне жеке орындауда өнер көрсетеді.

Ұжым жетекшісі: Рысбек Сережа

Қысқаша ақпарат: Серік Рысбек - вокалдық топтың жетекшісі. П. И. Чайковский атындағы музыкалық колледжді «Дәстүрлі ән орындау» сыныбы бойынша бітірген, 2005 жылы Естай атындағы Мәдениет сарайындағы «Әл-Әки» ансамблінің солисті болып жұмыс істеген. 2016-2017 жылдары Ресей Федерациясы, Барнауыл қаласы, Алтай мемлекеттік университеті «Өнер» кафедрасының магистранты.

Жетістіктері мен перспективалары: Қазақстан халқы Ассамблеясының 10-жылдығына арналған «Қазақша караоке» қазақстандық фестиваліне қатысқаны үшін Диплом, «Хрустальный звон-2014» халықаралық конкурсының дипломы, Естай Беркімбаева атындағы облыстық ән байқауының 3-ші орын иегері, студенттер мен жастар арасындағы «Дос-Мұқасан ансамблінің әндері»эстрадалық ән фестиваліне қатысқаны үшін дипломы, 2009 жылы Тараз қаласында өткен «Шәмгші әндері» республикалық байқауының иегері.

Қысқаша мәлімет: Қожанов Бахтияр – вокалдық топтың әншісі, 2002 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне оқуға түсті. «Филология және өнер» факультеті.

Жетістіктері мен перспективалары: 2009 жылы Павлодар мемлекеттік университетінде «SUPER STAR - І курс» ІІІ дәрежелі диплом, 2010 жылы «Студенттік көктем» ІІІ дәрежелі дипломмен/Павлодар қ./ иегері. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Ақсу қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды /Ақсу қ., 2013ж./,Әсет Бейсеуовтің 75-жылдығына арналған «Әсеттің әсем әндері-ай» /Алматы қ., 2013./ республикалық байқауында дипломмен марапатталды. Ілия Жақановтың І халықаралық «Еділ мен Жайық» конкурсының дипломанты / Атырау қ., 2014ж./, Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем саған, туған жер» республикалық байқауының дипломанты / Қызылорда қ., 2015ж./, Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен»/Орал қ., 2016 ж./ V Халықаралық байқауының алғыс хатымен марапатталды

Қысқаша ақпарат: Мұса Құтманов-вокалдық топтың солисті. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін музыкалық білім мамандығы бойынша бітірген. Павлодар қаласының «Низам» тобының құрамында болды.2016 жылдан Ақсу қаласында.

Жетістіктері мен перспективалары: «Ертіс жұлдыздары 2013» халықаралық конкурсында Гран при, 2013 жылы Мұзафар Әлімбаевтың ән байқауында Гран при, 2013 жылы Ш. Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық конкурсында ІІ орын /2013ж./, «Наурыз-2011» конкурсында Гран при. Барлық облыстық және қалалық іс-шараларға жүргізуші ретінде де белсенді қатысады.

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov