КМҚК «Шаңырақ» Облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығы :: Облыстық «Ертіс Star» жобасының жартылай мәресі

Облыстық «Ертіс Star» жобасының жартылай мәресі

08 Ақпан 2018 ж. 444

Елбасының жолдаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар облысының 80 жылдық мерейтойына орай облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Шаңырақ» облыстық ХШ және МСҚ орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 22 желтоқсанынан бастап 2018 жылдың 2 ақпанына дейін облысымыздың елді мекен, аудан, қалаларындағы дәстүрлі ән, классикалық музыка, бейнелеу өнері, актерлық шеберлік, би өнері, және вокал эстрада тағы басқа да жанрдағы нағыз жас таланттардың өнерін анықтайтын облыстық «Ертіс Star» - жобасы іріктеу кезеңін облысымыздың елде мекендерін аралап, жартылай финалға шыққан өнерлі жастарды анықтады. Байқаудың мақсаты: Қатысушылардың жас шамасы 5 жастан 29 жасқа дейін болуы шарт. Осы тұрғыда Павлодар облысының жас таланттарының өнері мен шығармашылықтарын дамытып насихаттау, болашағына үлкен жол ашып, еңселі егеменді еліміздің болашақ ертеңін елімізге таныту мақсатында ауыл, аудан, қала, облыс көлемінде қолға алынып отырған ауқымды іс-шара. Барлық ауыл, аудан, қалалардан қатысқан көркемөнерпаздардың арасынан 160 ға тарта жас талант жартылай финалға жолдама алды. Нағыз өнерлінің өнері мен табиғи талантын анықтайтын облыстық «Ертіс Star» жобасының жартылай мәресі 2018 жылдың 8-ақпан күні сағат 11.00 де «Шаңырақ» ОХШ және МСҚ орталығында өтті. Осы жартылай финалдан өткен жеңімпаздар бір ай көлемінде облыстық турне бойынша барлық аудандарын аралап концерттік бағдарламасын береді. Осы іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер 2018 жылдың сәуір айында өтетін облыстық «ЕртісStar» жобасының Гала концертіне қатысып марапатталады. Ал облысты бағындырған жеңімпаздар республикалық деңгейдегі өтетін байқауларға жолдама алады.

IMG_20180208_124305

IMG_20180208_124025

IMG_20180208_125113

IMG_20180208_125127

IMG-20180208-WA0018

IMG-20180208-WA0022

IMG-20180208-WA0017

IMG-20180208-WA0029

IMG-20180208-WA0020

IMG-20180208-WA0025

 

Күнтізбелік

Оқиғалар

23

Қазан , 2018

23 қазан күні   сағат 16.00де «Шаңырақ» орталығының үлкен залында ӘБ...
17

Қазан , 2018

17 қазан айы Ауған соғысы ардагерлерінің саябағында Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың...
10

Қазан , 2018

10-12 қазан жеке кесте бойынша Облыстық көркемөнерпаздар ұжымдарына «халықтық», «үлгілі» атақтарын беру...
06

Қазан , 2018

6 қазан 15.00де «Шаңырақ» орталығының үлкен залында ҚР Мәдениет қайраткеріҚ.Сәтиевтың шығармашылық...

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?

Сұрақтар мұрағаты

eGov