КМҚК «Шаңырақ» Облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығы :: Көркемөнерпаздар ұжымдарына «халықтық», «үлгілі» атақтарын беру үшін аттестация өткізілді

Көркемөнерпаздар ұжымдарына «халықтық», «үлгілі» атақтарын беру үшін аттестация өткізілді

10 Қазан 2018 ж. 40

     

      Жалпы облысымызда ұлттық өнеріміздің өсіп-өркендеуіне, мәдениетіміздің дамуына  үлкен үлесін қосып жүрген 74 «Халықтық», «үлгілі»   атағы  бар көркемөнерпадар  ұжымдары  бар. Олар қазақ халқының  және облыстағы  басқа да халықтардың рухани-мұраларын, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрптарын кеңінен  насихаттап; мемлекеттік  және әлеуметтік салт-дәстүрлердің, қайта жаңғыруына  зор үлесін қосуда.Мәдениет туралы «Қазақстан Республикасының 2006 жылғы15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы,  28-ші тармағының  негізінде Мәдениет  және  ақпарат  Министрінің  2007   жылғы 28-ші  наурыздағы №93 бұйрығымен бекітілген көркемөнерпаздар ұжымдарына «халықтық», «үлгілі» атағын беру туралы Ережесіне сәйкес «халықтық», «үлгілі» атағын алуға облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына Павлодар облысы бойынша 10 көркемөнерпаздар ұжымдары тапсырыс берді.Олар: Павлодар облысы  әкімдігінің ҚММ  «Қоғамдық   келісім» үйінен :

1.Еврей этномәдени бірлестігінің  «МАЗАЛЬ» хореографиялық  ұжымы.

2.Қарашай –черкес және қабарда-балқар этномәдени бірлестігінің «Эльбурс»   хореографиялық  ұжымы

3.Павлодар ауданы Ольгинка Ауылдық  Мәдениет Үйініің

«Селяне» вокалдық тобы

4.Павлодар  қаласы  М.М.Катаев атындағы ОқушыларСарайының  «Тип-Топ»  эстрадалық   ансамблі

 5.Екібастұз  қаласы  «Атамұра» Мәдени Орталығының «Мұрагер» вокалды  аспаптық  ансамблі   Екібастұз  қаласы.

 6.Павлодар  қаласы«Шаңырақ» ОХШ және МСҚ орталығының

 «Шаңырақ» хореографиялық  ансамблі

 7. Павлодар қаласы оқушылар  сарайының  «Арман  -шоу» театр студиясы

8. Ақсу қаласы. Жаяу Мұса  атындағы колледждің «Синия  птица» жастар театры

9.Ақсу қаласы. Сәбит Дөнентаев атындағы Қалалық Мәдениет Сарайының  «Очаровашки»  би ансамблі.

10. Май ауданы Көктөбе ауылы. Май Аудандық Мәдениет Үйінің

  Мерзихан Шайхин атындағы театр ұжымы.

         Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы шақыруы бойынша Астана қаласынан Қазақстан РеспубликасыМәдениет және спорт министрлігінің, мәдениет және өнер істері департаменті музыка өнері басқармасының бас  сарапшысы Байжанова Гүлмира Серікқызыны қатысты.Сонымен қатар аттестациялық   комиссия  құрамында :облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының  орынбасары  Асылбек Бекболатұлы Мейірманов пен облыстық мәдениет және өнер қызметкерлерінен құрылған мүшелер төрелік жасады.

       11 күні таңертегі сағат 11- ден түскі сағат 16.00-ге дейін тапсырыс берген көркемөнерпаздар  ұжымдары өз өнерлерін паш етті. Аттестация соңында барлық көркемөнерпаздар ұжымдарының көркемдік жетекшілеріне қазыар алқасы кемшіліктері мен ескерту айтып, вокалды топатар мен би ұжымдарына қазақ билерін, әндерін репертуарға көбірек қосуын айтып, вокалист, әнші Олеся Скорикова  туған елге, жерге, мемлекетке деген құрметті ұмытпауды айтып өтті.Сондай-ақ хореография  бойынша , би қойылымы, сахна мәдениеті жөнінде облысқа танымал хореограф Айгүл Дайырбаева өз ойымен бөлісіп,ұжым жетешілеріне пайдалы кеңестер берді. Гүлмира Серікқызы атақ алуға дайындалған құжаттарды дұрыс рәсімдеу жөнінде  айта кетіп, соңғы үш жылдағы  облыстық, республикалық байқаулардан алған  жүлделі орынар мен Ереже бойынша осы ұжым туралы БАҚ бұқаралық ақпарат беттеріне  жазылған 3 мақала болу керек екендігін айтып,толық ақпара берді.

  12-ші қазан  күні  аттестациялық комиссия Ақсу қаласында «Очаровашк» би ансамблі мен  Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы колледждің«Синяя птица» жастар театрының өнерін көріп, тамашалап, өз пікірлерімен бөлісті.

        Сол күні  аттестациялық комиссия мүшесі  Май ауданы Көктөбе ауылына  іс-сапарға шығып. Аудандық  Мәдениет Үйінің  жанынан құрылған Мерзихан Шайхин атындағы  театр ұжымы  Желтоқсан көтерілісі желісінде  жазылған   Қайрат Рұсқұлбеков туралы « Тергеу» пьесасынан көрініс қойды. Театр ұжымында аудандық тілдерді дамыу бөлімінің басшысы, аудандық мәдениет үйінің директоры мен барлық мәдениет қызметкерлері қатысады екен. Көріністері өте сәтті өтті.Аттестациялық комиссия  мүшелері  оларға шығармашылық табыс тілеп, пайдалы кеңестер беріп, сәттілік тілеп жолға шықты. Осы жылдың аяғына дейін осы аттестациялық комиссия мүшесінің  қортындысымен  ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығын үлкен үмітпен күтеміз.

Күнтізбелік

Оқиғалар

23

Қазан , 2018

23 қазан күні   сағат 16.00де «Шаңырақ» орталығының үлкен залында ӘБ...
17

Қазан , 2018

17 қазан айы Ауған соғысы ардагерлерінің саябағында Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың...
10

Қазан , 2018

10-12 қазан жеке кесте бойынша Облыстық көркемөнерпаздар ұжымдарына «халықтық», «үлгілі» атақтарын беру...
06

Қазан , 2018

6 қазан 15.00де «Шаңырақ» орталығының үлкен залында ҚР Мәдениет қайраткеріҚ.Сәтиевтың шығармашылық...

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?

Сұрақтар мұрағаты

eGov