КМҚК «Шаңырақ» Облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығы :: «Мәдениет – мәңгілік, өнер-өміршең» ауданаралық тәжірибе алмасу семинар

«Мәдениет – мәңгілік, өнер-өміршең» ауданаралық тәжірибе алмасу семинар

22 Қараша 2018 ж. 198

2018 жылдың 22-қарашасы күні Екібастұз қаласының «Атамұра» орталығында ауылдық мәденит үйлері меңгерушілерінің, мәдени ұйымдастырушылары мен әдіскерлерінің қатысуымен «Мәдениет - мәңгілік, өнер- өміршең» атты облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинардың теориялық бөлімінде «Атамұра» мәдениет орталығының директоры Н.Е.Төлеубаева «Жүйелі жұмыс – нәтижелі жетістіктер» атты тақырыппен 2018 жылдың маңызды шараларымен таныстырып өтті. АлТөртқұдық ауылдық клубының меңгерушісі Ж.А.Уалинова семинар қатысушыларымен «Достық шеңбері» ойынын жүргізді. Практикалық бөлімде «Жаңа әдістер – жаңашылдық кепілі»атты ой дамыту өткізілді. «Сахна безендіру сырлары» атты шеберлік класта Құлакөл, Сарықамыс, Төртқұдық ауылдық мәдениет ұйымдастырушылары өз клубтарының тәжірибесінен - сахна безендіру жолдарының әдіс, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, «Атамұра» МО мәдени ұйымдастырушылары Ж.Мухаева мен Г.Тлеубаева «Жұмыста жаңа технологиялар қолдану» тренингін өткізді. Ақкөл, Сарықамыс ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушылары «Өткен шараларға есеп», Қоянды, Құдайкөл, Бесқауға ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушылары «STARTAP» жобалар әдістемелері» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Атығай, Зеленая роща ауылдықклубтарының мамандарымен Бұқар Жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған «Көмекей әулие» атты театрландырылған көрініс қойылды. «Атамұра» МО көркемдік жетекшісі Г.Алданова «Мәдени ошақтың маңызы – көркемөнерпаздар ұжымы»атты орталықтың көркемөнерпаздар ұжымының жұмысын көрсетсе, мәдени ұйымдастырушы Г.Тлеубаева «Тілек ағашы» деп аталатын анкета толтырудың жаңаша түрін көрсетті. Бағдарлама бойынша, барлық семинарға қатысушылар Құлакөл ауылдық клубының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, қорытындылады.

IMG-20181122-WA0004

IMG-20181122-WA0005

IMG-20181122-WA0006

IMG-20181122-WA0010

IMG-20181122-WA0044

IMG-20181122-WA0058

IMG-20181122-WA0056

IMG-20181122-WA0054

IMG-20181122-WA0051

IMG-20181122-WA0021

IMG-20181122-WA0093

IMG-20181122-WA0085

IMG-20181122-WA0082

 

 

Күнтізбелік

Оқиғалар

28

Ақпан , 2019

2019 жылдың 28 ақпан сағат 17.00-де «Шаңырақ» орталығының үлкен залында...
27

Ақпан , 2019

2019 жылдың 27 ақпан күні сағат 11.00-де  «Самал» оңалту орталығында...
23

Ақпан , 2019

2019 жылдың 23 ақпан күні сағат 11.00-де «Шаңырақ» концерттік залында...
12

Ақпан , 2019

2019 жылдың 12 ақпан күні сағат 15.00-де  № 4 Коррекциялық...

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?

Сұрақтар мұрағаты

eGov