КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

«Тәуелсіздік шапағаты» атты оқушылар айтысы

08 Желтоқсан 2018 ж. 397

Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени - сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 8-ші желтоқсаны күні сағат 11.00-де Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай облыстық «Шаңырақ» орталығында «Тәуелсіздік шапағаты» атты облыстық оқушылар арасындағы ақындар айтысы өтті. Айтулы шараның мақсаты айтыс арқылы оқушыларды суырып салма, ақындық өнерге баулу, домбыра әуеніне дауыс үндестігін келтіре отырып үлкен сахналарға дайындау. Елінің тарихын, шежіресін білуге, салт-дәстүрді сыйлауға үйрету.Еліміздің Тәуелсіздігін жырға қосу.Оқушыларды осы айтыс өнері арқылы Отансүйгіштікке, мемлекеттік тілімізді, мәдениетіміз бен әдебиетімізді кеңінен насихаттап, ұтқыр ой, орақ тілділігімен сөз сайыстыруға баулу. Ережеге сай облысымыздың жиналған жас ақындарымыздың жас мөлшері 7-18 жас аралығында болды. Айтыс барысында әр жұпқа 20 минуттан уақыт берілді. 6 жұптан тұратын 12 жас ақын додаға түсті. Айтыстың алаңында бәйгеге түскен жас ақындар арасында көлденең аттыға жол бермей ауыздығымен алысқан сөзді жүйесімен саптайтын, домбырасын өзіне сай баптайтын мықтыларда көзге түсті. Арнайы құрылғын қазылар алқасының шешімі бойынша осындай бағалар берілді. «Бас жүлде» - Шыңғыс Асығатұлы /Павлодар қаласы/ I орын – Азамат Базарбай /Баянауыл ауданы/ II орын – Бексұлтан Қайдар /Екібастұз қаласы/ III орын – Мәншүк Бейсенбай /Ақтоғай ауданы/ Номинациялар: «Тәуелсіздік тұмары» - Нұршапағат Сәулет /Павлодар қаласы/ «Егеменді елдің ертеңі» - Дінхан Кәкімсейіт /Екібастұз қаласы/ «Өнегелі өнер» - Мирас Қапаш /Баянауыл ауданы/ Ақындардың дайындаған жетекшілерге Арнайы Жүлделер: «ШЕБЕР ҰСТАЗ» - Сейітова Гүлбаршын /Екібастұз қаласы/ «ДАРЫНДЫ ЖЕТЕШІ» - Пәзіл Жеңісбек /Баянауыл ауданы/ «ҮЗДІК ҮЙРЕТУШІ» - Бағдат Әлекбаев /Екібастұз қаласы/ Алғыс хат --- Мәрлен Оразбай /Павлодар қаласы/, Арман Ордабаев /Баянауыл ауданы/, Қосман Назымбек /Баянауыл ауданы/, Мағзұм Сайфолла /Аққулы ауданы/, Ержан Тілеген /Аққулы ауданы/

47308719_2230827600522902_1735105786163494912_n

47571836_2230828050522857_5529162904835719168_n

47576146_2230827733856222_6619210890002563072_n

48181055_2230827927189536_8839614436919476224_n

 

_MG_7829

_MG_7809

_MG_7836

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov