КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қарсаңында Павлодар облысы бойынша көркемөнерпаздар ұжымдарына «халықтық», «үлгілі» атақтарын табыстау салтанаты

13 Желтоқсан 2018 ж. 137

2018 жылдың 13 желтоқсан күні «Шаңырақ» орталығының кіші залында ҚР Тәуелсіздігі қарсаңында Павлодар облысы бойынша көркемөнерпаздар ұжымдарына «халықтық», «үлгілі» атақтарын табыстау салтанаты өтті. Биылғы 2018 жылдың қазан айында Павлодар облысы бойынша «халықтық», «үлгілі» атағын алу үшін аттестациялық комиссияға 10 көркемөнерпаздар ұжымы тапсырыс беріп, сараптамадан өткен болатын.

Бүгін осы ұжымдар ішінен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің бұйрығымен 7 ұжым «халықтық», «үлгілі» атағына ие болды. • Осы орайда, министр Арыстанбек Мухамедиұлының бұйырығымен: Павлодар қаласы. М.М.Катаев атындағы Оқушылар Сарайының «Арман-шоу» театр студиясына «ҮЛГІЛІ»театр атағы, көркемдік жетекшісі: Бекболатова Алмагүл Слямқызы. • Ақсу қаласы. Сәбит Дөнентаев атындағы Қалалық Мәдениет Сарайының «Очаровашки» эстрадалық би ансамбліне «ҮЛГІЛІ» эстрадалық би ансамблі атағы, көркемдік жетекшісі: Пахомова Марина Валерьевна. • Павлодар қаласы, «Шаңырақ» облыстық ХШ және МСҚ орталығының «Шаңырақ» би ансамбліне «ҮЛГІЛІ» би ансамблі атағы, көркемдік жетекшісі: Сарбасова Жібек Серікқызы. • Ақсу қаласы Жаяу Мұса Байжанов атындағы колледждің «Синяя птица» жастар театрына «ХАЛЫҚТЫҚ» атағы, көркемдік жетекшісі: Нагорная Лариса Петровна. • Павлодар қаласы М.Катаев атындағы оқушылар сарайының «Тип-Топ» эстрадалық би студиясына «ҮЛГІЛІ» студиялық би ансамблі атағы, көркемдік жетекшісі: Гимазетдинова Динара Ринатовна • Екібастұз қаласы «Атамұра» Мәдени Орталығының «Мұрагер» вокалды аспаптық ансамбліне «ХАЛЫҚТЫҚ» атағы, көркемдік жетекшісі: Қайырбеков Сағындық Оңдасынұлы. • Май ауданы, Мерзихан Шайхин атындағы театрға «ХАЛЫҚТЫҚ» атағы, режиссері Чаймарданова Айда Валентиновна . Еңбектері елінің алдында ерекшеленіп марапатқа ие болған әріптестеріне өзіндік мәні зор атақтарды облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының басшысы Аяпбергенова Риза Шайхықызы табыстады.

IMG-20181213-WA0036

 

IMG_20181213_152144

IMG_20181213_151833

IMG-20181213-WA0033

IMG-20181213-WA0034

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov