КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Айтыскер ақын, журналист, Павлодар қаласының құрметті азаматы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Шолпан Байғалының шығармашылығына арналған «Поэзия - көңілімнің айнасы» атты кеші

25 Қаңтар 2019 ж. 102

 

 

2019 жылдың 25- ші қаңтары күні облыстық «Шаңырақ» орталығында айтыскер ақын, журналист, Павлодар қаласының, Тереңкөл ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шолпан Байғалының шығармашылығына арналған «Поэзия - көңілімнің айнасы» атты кеш өтті. Кеш басталмас бұрын «Шаңырақ» орталығының фойесінде облыстық Бұқар Жырау атындағы мұражай қызметкерлері Шолпан Байғалының жеке мұрағаты мен жәдігерлерінен, кітаптарынан жиналған «Әдебиет әлеміндегі әйел жүрегі» атты шағын көрме ұйымдастырды. Біздің киелі Ертіс өңірінен шыққан танымал тұлғаның бірі - поэзия өлкесінде өзіндік өнерімен ерекшеленетін «Еркелеймін Ертіске», «Сезімді қайтем тулаған», «Көктем тынысы», «Айнұрым менің», «Сыр сандық», «Сағым уақыт», «Толқиды ертіс», «Қызылтаң алтын бесігім» соңғы шыққан «Таңшолпан» және сол күні жарық көрген «Менің тәтті тағдырым» атты және т.б 15-тен астам кітаптардың авторы, Шолпан Байғалы Ақтоғай ауданының Жаңатап ауылында өнерлі отбасында дүниеге келген.Балғын балалық шағы қазіргі Тереңкөл ауданы Қызылтаң ауылында өткен, осы туған жердің, кең жазира даласында ән салдырып, бауырында бәйшешек гүл тергізіп, жүрегіне жыр сыйлаған да осы киелі жердің табиғаты болар.Ш.Байғалының өлең өлкесінің толғанысынан туған сыршыл өлеңдері облыс композиторларының қыл қаламына ілігіп, нотаға түсіп, сиқырлы әуенге айналған. Ақын жырлары өз оқырманын ойшылдығымен, сыршылдығымен баурайды. Оның әрбір өлеңі бір - бірімен үндесіп, жатқан тұтас үлкен әлем. Ақынның кешінің шымылдығын облыстық «Шаңырақ» орталығының әншісі Серік Рысбек, «Шаңырақ сазы » ансамблінің сүйемелдеуімен А.Әбдікәрімовтің әніне , Ш.Байғалының сөзіне жазылған «Нұр қала» әнімен ашты. Кеште ақынның әдебиет пен мәдениеттегі әріптестері, құрбы-құрдастары өнердегі сіңлі-бауырлаы қатысты. Бірі ақынның сырға толы өлеңін оқыса, бірі сағынышқа, сезімге баураған әндерін шырқады.Кештің жүргізушісі облысқа танымал журналист, ақын Әсел Жақсыбай Шолпан Байғалының айтыскер ақын екендігін де айта кетті. Кештің қадірлі қонақтары, Ш.Байғалының құрдасы Ақтоғайлық «қара нар» атанған ҚР «үздік мәдениет қызметкері» облыстық, республикалық айтыстардың жеңімпазы – Мұқажан Бейсенбі, республикаға танымал айтыскер ақын, «алтын домбыра» иегері -Аспанбек Шұғатаевты кеште 15 минуттық айтыс өткізіп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Сондай-ақ осы кеште Шолпан Байғалының сөзіне облысқа танымал композиторлар: Қайырбек Сатиев, Назымбек Дүкенбаев, Асан Әбдікәрімов, Мейрамбек Ермекбаев, Аманкелді Ыдырысовтардың әндеріне жазылған әндерді: облысқа танымал әншілер: Әсем Дәуітова, Әсел Ботаева, Нұржан Сарқамбаев, Сәуле Арынғазиналар шырқаса.Көркем сөз «Орамал» өлеңін Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының қызметкері Маржан Шайхимова, «Сезім» өлеңін облыстық «Шаңырақ» орталығының қызметкері Алмагүл Бұзаубаевалар нақышына келтіріп оқыды. Кеш соңында көптеген тілек, алғыстар айтылды.Осы кешке келген арнайы қонақтары облыстық «Нұр-Ана Әлемі» қоғамдық бірлестігінің ансамблі, «Сағым жылдар» әжелер ансамблі кеш иесіне ән орындады.

 

 

 

>IMG-20190125-WA0024

IMG-20190125-WA0027

IMG-20190125-WA0031

IMG-20190125-WA0035

IMG-20190125-WA0036

 

20190125_150105

20190125_152827

20190125_153149