КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Күйші, домбырашы Рүстембек Омаровтың 100-жылдығына арналған «Тойбастар» атты тақырыптық кеш

01 Ақпан 2019 ж. 125

емде тек қазақтың ғана маңдайына бұйырған дара өнер – күйшіліктің жарқын өкілдері, асқан мақтанышпен айтылатын есімдер баршылық. Солардың бірегейі - атадан мирас болып қалған қорды келесі ұрпаққа жеткізушілердің бірі, дәстүрлі күйшілердің ізін жалғастырушы, Қазақ ССР-інің халық әртісі, өмір бойы Құрманғазы атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашысы болғанРүстембек Бейсенұлы Омаров.Атақты жерлесіміздің 100 жылдық мерейтойына арналыпқаңтар айының 29-жұлдызында «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы, И.Байзақов атындағы облыстық филармония және Бұқар жырау атындағы мұражайдың бірлесе ұйымдастыруымен «Тойбастар» атты кеш өтті. Кеш барысында, күйшінің «Жастық шақ» атты күйін оркестрге лайықтап түсірген күйші, Р.Омаров атындағы оркестрдің дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Кәрімов, Р.Омаровты зерттеуші, Р.Омаров атындағы оркестрдің домбырашысы Әсел Арынова, ҚР Мәдениет қайраткері Асан Әбдікәрімов, сондай-ақ Серік Сыздықовтар ұлы күйшінің өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шертті. Көрермен тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Р.Омаров атындағы оркестр күйшінің төл туындысы «Жастық шақ», оған арнайы жазылған «Тойбастар» күйілерін орындады. Бұқар жырау атындағы мұражай Рүстембек Омаровқа арналған көрме ұйымдастырды. Дәулескер күйші Рүстембек Омаров Павлодар облысының тумасы. Ол 1919 жылы қазіргі Аққулы ауданы, Шарбақты ауылында дүниеге келген. Домбыра тартуды әкесінен үйреніп, сонымен қатар ән айтып өз ауылында «әнші бала» атанды. Өнерге құштар болған бала Салық, Тоқбай, Темірболат сынды әнші-жыршылардың ортасында жүрді. Ата-анасынан ерте айырылған Рүстембек, Семей қаласындағы балалар үйіне түседі. 1934 жылы Ахмет Жұбановпен танысып, жаңадан құрылып жатқан қазақ ұлт аспаптар оркестрінің құрамына алғашқы домбырашылардың бірі болып қабылданды. Өзінің орындаушылық шеберлігін жетілдіріп, Дина және Оқап Қабиғожиндардан Құрманғазы күйлерін, Қали Жантілеуовтен Мәменнің күйлерін, Жәлекеш Айпақовтан Қазанғап күйлерін, Әбікен Хасеновтен Тәттімбет күйлерін үйренеді. Кәсіби білім алу үшін Ленинград консерваториясының училищесіне орыс ұлт аспаптар бөліміне оқуға түседі. Алайда, 1939 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақырылып, Финлядния, Латвия елдерін қорғау шайқастарына қатысқан. Кейін әскери бөлімдері қоршауда қалып, Рүстембек Омаров тұтқынға алынады. Ұлы Отан Соғысы жеңіспен аяқталғаннан соң, тұтқыннан босатылады. Елге оралған Р. Омаров Ахмет Жұбановтың қолдауымен Алматы консерваториясына түсіп, 1951 жылы тәмәмдады. Рүстембек Омаровтың орындаушылық өнері музыкалық материалды өзіндік стильде мазмұндау, асқақ шебер техника, тығыз және қанық дыбысымен ерекшеленеді. Р. Омаровтың орындау мәнерін Ахмет Жұбанов өте жоғары бағалап өзінің «Ғасырлар пернесі» атты еңбегінде: «Рүстембек күйді «шегелеп», шапшаң, жай келетін буындарын бәрін де тастай түйіп, екпінің ауыстырмайды. Орташа ұзындықтағы саусақтарымен бір нотаны жаза баспай, бәрін де өз орнында етіп орындайды. Аты алып қашқан кісідей домбырасының «тізгініне» ие бола алмайтын кейбір домбырашылардай күйді баста алған екпінінен қуып кетіп, аяғында кей жерлерінде сүрініп қалатын әдет Рүстембекте болмайды» деп жазған. Рүстембек Омаровтың орындауындағы Халық күйі «Ақсақ құлан», Құрманғазының «Ақсақ киік», «Жима», «Машина», «Қызық қайың», «Серпер»; Динаның «Байжұма»; Кәуеннің «Сәнау», Абылдың «Нарату» күйлерінің нұсқалары кең таралып, домбырашылардың репертуарына енді. Сондай-ақ, Омаровтың орындауындағы Тәттімбеттің «Сылқылдақ» және «Саржайлау» күйлерінің нұсқалары әлі күнге дейін ұлт аспаптар оркестрімен орындалып келеді. Дәулескер күйші Рүстембек Омаров 1988 жылы Алматы қаласында дүние салған. Соңынан өшпес мұра қалдырған атақты жерлесіміздің есімі қазақтың күй өнері барда ешқашан өшпек емес.

_MG_9436

_MG_9438

_MG_9443

_MG_9455