КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

«Әдіскер» атты әдіскерлер клубының «Клуб типті мәдени мекеме жұмысының формалары мен әдістері» атты әдістемелік және тәжірибе алмасу семинары

22 Ақпан 2019 ж. 33

22 ақпан 2019 жылы Успен ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Сауық орталығында «Әдіскер» атты әдіскерлер клубының «Клуб типті мәдени мекеме жұмысының формалары мен әдістері» атты әдістемелік және тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинардың басты мақсаты; Успен ауданының мәдениет саласындағы қызметін арттыру, мәдениет қызметкерлерінің шығармашылық қызметін жетілдіру, оқиғалардың маңыздылығы мен сапасын арттыру. Семинарды кіріспе сөзбен облыстық «Шаңырақ» орталығының басшысы Риза Шайхықызы Аяпбергенова ашты. Әдістемелік және тәжірибе алмасу семинарда Ертіс ауданы және «Атамұра» мәдени орталығының мәдениет қызметкерлері өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Алғашқы боп семинарды Ертіс аудандық мәдениет үйінің әдіскері Назира Госманқызы Баязова «Әдістемелік көмек» атты тақырыбымен бастады,сондай-ақ «Вдохновение» балалар этномәдени бірлестігінің шығармашылық жұмысы жайлы Этномәдени бірлестіктерінің жетекшісі Христовская Татьяна Сергеевна, «Әуесқой хорын ұйымдастыру әдісі» тақырыбында Иса Байзақов ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Ырысты Әлібекқызы Әйтімбетова, тәжірибесімен бөліссе, ал мәдениет үйінің суретші-безендірушісі Грушко Людмила Ивановна «Сахнаны безендіру» атты тақырыбында «шеберлік класс» өткізді. Семинардың екінші бөлімінде «Достық шеңбері» ойыны, «Жаңа әдістер – жаңашылдық кепілі» атты ой дамыту бөлімінде: Екібастұз ауылдық аймағының «Төртқұды» ауылдық клубының меңгерушісі Жанар Аманкелды Уалинова және «Атамұра» мәдени орталығының ұйымдастырушысы Гүлмайра Ерсінқызы Тлеубаева ашып, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Атамұра» мәдени орталығының ұйымдастырушысы Жанар Сүлейменқызы Мухаева «Жүйелі жұмыс – нәтижелі жетістіктер» атты тақырыппен жалғастырса, «Құлакөл» ауылдық клубының меңгерушісі Гүлнар Қадырқызы Қадырова және «Сарықамыс» ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Береке Болатханқызы «Сахна безендіру сырлары» атты сахна безендіру жолдары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, ең тиімді,әрі оңай безендіру туралы өз ойымен , тәжірибесімен бөлісіп, соңында «Қоянды» ауылдық клубының меңгерушісшеберлік сағаты, «STARTAP» жобалар әдістемелері туралы Күмісхан Сағындыққызы әнгімеледі. Семинар «Әдіскер» атты әдіскерлер клубының қызықты да тартымды ой-тәжірибе бөлісу отырысымен жалғасты. Отырыста клубтың жұмыс жоспарын талқылап, клубтың мүшелігіне өзгерістер енгізу мәселелерін қарастырды және келесі семинар өткізу туралы тақырыптар қарады. «Клуб типті мәдени мекеме жұмысының формалары мен әдістері» атты әдістемелік және тәжірибе алмасу семинардың қорытындылап,барлық семинарға қатысушылар естелік сүретке түсті.Көптеген тәжірибелік, әдістемелік көмекпен алмасты. Облыстық семинарға қатысқан мәдениет қызметкердің саны 50 адам.

IMG-20190222-WA0017

IMG-20190222-WA0018

IMG-20190222-WA0019

IMG-20190222-WA0020

IMG-20190222-WA0021

IMG-20190222-WA0022

 

IMG-20190222-WA0023

IMG-20190222-WA0027

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov