КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

«Халықтық», «үлгілі» атақтары бар ұжымдарды растау үшін аттестациялық комиссия мүшелерінің бірінші іс-сапары

27 Ақпан 2019 ж. 114

Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, «Шаңырақ» ОХШ және МСҚ орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың ақпан айының 27-ші жұлдызы күні Павлодар облысы бойынша «халықтық», «үлгілі» атақтарын«растау» жөніндегі аттестациялық комиссия іс-сапарға шығып Екібастұз қаласынан бастады. Бірінші«Қайнар» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Маска» «үлгілі» театр студиясы қойған қойылымын тамашалап, қалған «Арман» «үлгілі» эстрадалық-вокалды инструменталдық ансамблін тыңдап, «Радость» «үлгілі» хореографиялық би ансамблінің және «Очарование» «үлгілі» хореографиялық би ансамблі орындауындағы билерін көріп, жұмыстарымен танысты.Әрі қарай«Өнер» Қалалық Мәдениет Сарайының «Нұр шашу» «үлгілі» хореографиялық би ансамблі, «Росиночка» «халықтық» вокалдық ансамблі, «Джуманджи» «үлгілі» би театры,«Нәзік» хореографиялық ансамблі және«Поколение NEXT» «үлгілі» би ансамбліөнерлерін паш етіп, «Атамұра» мәдени сауық орталығының «Атамұра» «халықтық» фольклорлық ансамблінің шығармашылық жұмыстарын көрсетті.Кейіннен комиссия мүшелері барлық ұжымдардың жетекшілерімен кездесіп, оларғакеңес айтып, ой-пікірлерімен бөлісті. Келесі аттестациялық коммисия іс-сапары 14 наурыз күні Май аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымдарымен кездесудежалғасын табады.IMG-20190227-WA0026

IMG-20190227-WA0027

IMG-20190227-WA0029

IMG-20190227-WA0033

IMG-20190227-WA0028

IMG-20190227-WA0034

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov