КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

«Жас қанат» эстрадалық студиясының көркемдік жетекшісі Айгүл Қалтаеваның мерейтойына арналған «Өнерге қанат қақтырам...» атты шығармашылық кеші

01 Наурыз 2019 ж. 115

Музыка өнері - адамзат мәдениетінің рухани байлығы ,осы музыка арқылы жас ұпақты тәрбиелеп, рухани азық береміз.Бұл тәрбиенің ең биік түрі деуге де болады.Болашақ ұрпаққа осындай тәрбие беріп, музыка әлемінің қыр-сырымен таныстырып жүрген облыстық «Шаңырақ» орталығының«Жас қанат» эстрадалық студиясының көркемдік жетекшісі Калтаева Айгүл Ауғанбекқызының мерейтойына арналған «Өнерге қанат қақтырам...» атты шығармашылық кеші 2019 жылдың 28-ші ақпаны күні өтті.Мереке иесін құттықтап келген облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық «Шаңырақ» орталығы , ПМПУ,ЖОББМ 43 ҚМСО Жанар, Жанар Манатовна, Ақсу қалалық мұсылман әйелдер лигасының төрайымы, Ақсу қаласының құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Слямбекова Рымкеш Хамитқыз, студияға қатысушы балалардың ата-аналары мерейтой иесіне өздерінің жүрек жарды тілектерін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.Айгүл Ауғанбекқызы 2003 жылдан бастап облыстық «Шаңырақ» орталығында құрылған «Жас қанат» эстрадалық студиясында көркемдік жетекшілік етіп, осы 16 жыл ішінде қаншама жас өнерпаздар тәрбиелеп, өнерге қанат қақтырды. «Жас қанат» эстрадалық студиясының әншілері халықаралық, республикалық, облыстық фестиваль байқауларына қатысып дипломант, лауреат, 1,2,3, және бас жүлделі орындарға ие болып жүр. Бұл кеште «Жас қанат» эстрадалық студияның түлектері Алтыншаш Қалқаманова, Влад Прокофьев, Гульнур Баянова, Смағұл Нагия, Райхан Ахметова, Жібек Сматова, Гүлдана Ботагөзова, Қуаныш Айса және «Шаңырақ» орталығының ұжымдары «Шаңырақ сазы» «халықтық» фольклорлық ансамблі,Томирис «үлгілі» қазақ шығыс би ансабльдеріде қатысып, өз өнерлерін паш етті.

IMG_20190228_172231

IMG_20190228_172402

IMG_20190228_172850

IMG_20190228_173736

IMG_20190228_174855_1

IMG_20190228_174135

IMG_20190228_173958

IMG_20190228_182149

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov