КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

«Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы аясында «Ұлы даланың өнерпаздар керуенінің» іс-сапары

01 Наурыз 2019 ж. 29

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласыда «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» тарауында «ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттауға тиіспіз» деген болатын.Осы мақала аясында Павлодар облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен қолдауымен «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен ата-бабадан келе жатқан ұлы мұраны кеңінен насихаттап, ұлы дала мұрагерлерінен өткен мыңжылдықтағы өнегелі, нұсқалы сөздердің тізбегіндей болған халық ауыз әдебиетінің айтыс, дәстүрлі ән, терме, күй, ұлттық ойындар, жаңылтпаш, жұмбақтар фольклорын шалғайда жатқан елді мекендегі халыққа дәріптеу мақсатында облыстық «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» 2019 жылдың 1-ші наурызы күні Аққулы ауданының, қасиетті жері, киелі мекен, халық емшісі, сынықшы Мерғалым ауылына керуен басын тіреді.Өнер көш керуенін «Ер қанаты атты» еркін меңгерген 15 шақты ер балалар 7-11 жас мен осы ауылдың ер азаматтары18-25 жас қарсы алып, Мерғалым ауылының ауылдық клубына көшпен салтанатты түрде еріп келді. Ауылдық клубтың алды әсем шарлармен, меркеге сай безендірілген.Далада ұлттық күйлер мен әндер орындалып, ауыл тұрғындары жасы да кәрісі де, балалар да ұлы тойға дайындалып, ұлттық киім киген. Ауыл тұрғындар үлкен қуанышпен «Ұлы даланың өнерпаздар керуенін» көшін қошеметпен қарсы, ауыл ақсақалы бата беріп, әжелер далада қазанда пісіп жатқан ұлттық ыстық бауырсақ татырып, әжелер тобы ән салып, шашу шашты. Осы шараның ұйымдасыруға ат салысқан Аққулы ауданы, Майқарағай, Мерғалым ауылдық округтарының әкімі Раскелдинов Сейфолла Тукенұлы, спорт шебері, «үздік өлкентанушы» Шақа ауылдық округінің әкімі Шақаманов Төлеген Пішенбайұлы және Аққулы аудандық мәдениет үйінің директоры Момынжанов Самат Әлібекұлы.Шаран I көрінісі клуб алдында ауылдық округтың депутаты Сәлімов Қайыржан Сағдатұлының басқаруымен ат жарыстар ұйымдастырылды. Ерқанаттыларға облыстың бас айтыскер ақыны Бейсенбі Мұқажан ақ батасын берді. 1 Тай жарыс, 2 дөнен жарыс 3 аударыспақ өтті.Осы жарысқа қатысқандардың барлығы жүлделі орындарға ие болып ақшалай сыйлықтармен марапатталды. II көрініс Клубтың кіре берісінде жартылай шаңырақта ортналасқан кигіз үйде әжелер ән салып жүн түтіп, ұршық үйіріп,құрақ құрып, тары түйіп, дирменен талқан тартып, шиге, құрт жайып, ағаштан ою ойып, ұлттық қол өнер шеберлерінің сан алуан түрлерінен көрме ұйымдастырылып, осы жерде «шеберлер класы» өтіп, 6 өрім бишік, ағаштан ойылып ыдыстар жасалып жалу көрсетілді.Көрініс өте мәнді де мағаналы түрде кешке дейін өтіп, жастар дәріс алып жатты. III көрініс клубтың залында өтті. Осы шараға ат салысқан клуб меңгерушілері; Мерғалым ауылының Исмағұлова Бақыт, Майқарағайдан Солтаиманова Әлия, Шоқталдан Айжан Серікқызы, Шақадан – Дариғалар жақсы мәдени шаралар, қолөнерді де концерттік бағдарламадларды да ұйымдастырды. Алғашқы болып концертті ауыл өнерпаздар бастап : дәстүрлі әнші Мәулеткен мен Есім Бейбіт әнімен тамсандырса, Майқарағай ауылының «Әжелер » ансамблі халық әндерін орындап, Мерғалым ауылының «Нурсая» би тобы мың бұралып би биледі. Жек дауыста сырнайдың сүйемелдеуімен де әндер орындалды. Сахнаға «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» шығып концертік жүргізуші Алмагүл Бұзаубаева қара өлеңмен айтыскер ақындарды қошеметпен ортаға шақырып таныстырды. Ардагер ақын, айтыста Ақтоғайдың «қара нары» атанған Бейсенбі Мұқажанмен, жас ақын Мизан Жұмаәлі айтысып, ұтқыр ой, әсем әзілмен ата мен немере болып айтысып көрерменнің ыстық ықыласына бөленді,бармағынан бал тамған күйші Аида Айжанова Құрманғазы, Науаи, Динаның күйлерін нақышына келтіре орындап, халыққа рух берді.Сондай-ақ ойын-сауықты жүргізуші Алмагүл Бұзаубаева көрермендерге, халық әндерін айтқызып, көне жұмбақтар жасырып, балаларға жаңылтпаштар айтқызып, көш керуеннің қоржынынан ұлттық кигіз үй, торсық,домбыра, түйенің ойыншықтарын таратты.Жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен сыйлықтарды облыстық «Шаңырақ» орталығының басшысы Аяпбергенова Риза Шайхықызы табыстап, осы шараның қортындысы маусым айының 1 күні жарияланатынын хабарлады.Ауыл тойы кешке дейін барлық ауыл тұрғындарының қатысуымен өтіп, барша халық ризашылығын білдіріп, ақ баталарын беріп, осындай игі істің бастамасына ақ тілектерін тілеп, рухани жаңғырып, ұрпақтарымызға рухани азық бердік деп өз қуаныштарында шек жоқ екенін айтып, керуен көшімен қимай қоштасып, шығарып салды. Халқымыз «бірігіп көтерген жүк жеңіл» дегендей төрт ауылдың ұйымдасып жасаған ісінен көрініп тұрды.

IMG-20190302-WA0001

IMG-20190302-WA0002

IMG-20190302-WA0003

IMG-20190302-WA0005

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov