КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сіздер үшін...» атты мерекелік концерт

08 Наурыз 2019 ж. 26

2019 жылдың 8 наурыз күні «Шаңырақ»о рталығының үлкен залында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Шаңырақ» орталығының шығармашылық ұжымдары мен Иса Байзақов атындағы филармониямен бірлескен «Сіздер үшін...» атты мерекелік концерт өтті. Айдай ажарланып, күндей нұрланып, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүрген, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды аруларға арналған мерекелік концертте әсем ән мен тәтті күй, мың бұралған биден шашу шашылды. Концерттің шымылдығын «халықтық» «Шаңырақ сазы» фольклорлық ансамблінің күйімен ашылды және осы «халықтық» «Шаңырақ сазы» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен Нұржан Сарқымбаев ән шырқады. «Шаңырақ» вокалдық тобы, Закриянова Әлия, «Өнеге» домбырашылар триосы, «Египет» биімен «Томирис» «үлгілі қазақ-шығыс би» ансамблінің ересек тобы, «Томирис» би ансамбілінің кіші топтары, «Я такая в маму» әнімен «Жас қанат» эстрадалық студиясының кішкентай тобы және үлкен тобы, «Samiyan» вокалдық тобы өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама Құтманов Мұсаның орындаундағы «Анаға сый» әнімен аяқталды.

IMG-20190308-WA0053

IMG-20190308-WA0057

IMG-20190308-WA0065

IMG-20190308-WA0070 

IMG-20190308-WA0071

 

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov