КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

«Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы аясында «Ұлы даланың өнерпаздар керуенінің» іс-сапары

11 Наурыз 2019 ж. 362

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласыда «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» тарауында «ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттауға тиіспіз» деген болатын.Осы мақала аясында Павлодар облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен қолдауымен «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен ата-бабадан келе жатқан ұлы мұраны кеңінен насихаттап, ұлы дала мұрагерлерінен өткен мыңжылдықтағы өнегелі, нұсқалы сөздердің тізбегіндей болған халық ауыз әдебиетінің айтыс, дәстүрлі ән, терме, күй, ұлттық ойындар,ұлттық қол өнер, ұлттық тағамдар, жаңылтпаш, жұмбақтар фольклорын шалғайда жатқан елді мекендегі халыққа дәріптеу мақсатында облыстық «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» 2019 жылдың 11-ші наурызы күні Щарбақты ауданының, құтты мекені, Арбиген ауылына керуен басын тіреді.Өнер көш керуенін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Бақыт Жантасұлы мен аудандық мәдениет үйінің директоры Дауытов Зейнұрайын Бабашұлының ұйымдастыруымен Ер қанаты атты еркін меңгерген ер балалары қарсы алып, ауылдық клубқа көшті бастап әкелді.Ауылдық клубтың алды әсем шарлармен, меркеге сай безендірілген. Далада ұлттық күйлер мен әндер орындалып, ауыл тұрғындары жасы да кәрісі де, балалар да ұлы тойға дайындалып, ұлттық киім киген. Ауыл тұрғындар үлкен қуанышпен «Ұлы даланың өнерпаздар керуенін» көшін қошеметпен қарсы, әжелер далада қазанда пісіп жатқан ұлттық ыстық бауырсақ татырып, әжелер тобы ән салып, шашу шашты. Далада саумарырлар қайнатылып, қазанда құрт пісіріліп жатты. II көрініс Клубтың кіре берісінде жартылай шаңырақта ортналасқан кигіз үйде әжеміз күбінің ішін тобылғымен ыстап, қымыз пісуге қалай дайындалатынын көрсетіп, айтып отырды.Келесі көріністе бидай тартып, тары түйіп, дирменен талқан тартып, шиге, құрт жайып, ағаштан ою ойып, ұлттық қол өнер шеберлерінің сан алуан түрлерінен көрме ұйымдастырылып, осы жерде «шеберлер класы» өтіп, бишік өріліп, өте мәнді де мағаналы түрде кешке жастар дәріс алып жатты.Ауыл келіншектері сүттен жасалған: сүзбе құрт талқан, қоспа, тәтті құрттан ұлттық тағамдар көрмесін жасаған.Ауыл тұрғындары көш керуеніне көркемөнерпаздарының күшімен концерттік бағдарламалар да ұйымдастырылды. Сахнаға «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» шығып концертік жүргізуші Алмагүл Бұзаубаева қара өлеңмен айтыскер ақындарды қошеметпен ортаға шақырып таныстырды. Ардагер ақын, айтыста Ақтоғайдың «қара нары» атанған Бейсенбі Мұқажанмен, жас ақын Айбек Оралқанмен айтысып, ұтқыр ой, әсем әзілмен ата мен немере болып айтысып көрерменнің ыстық ықыласына бөленді,сондай-ақ әнші сазгер ҚР мәдениет қайраткері Асан Әбдікәрім сырнаймен халық әндерін, авторлық әндерін орындаса, Аманкелді Қадыр халық әндерін әсем дауысымен домбырада орындап көрерменнің ықыласына бөленді, бармағынан бал тамған күйші Аида Әлжанова Құрманғазы,Қазанғап, Науаи, Динаның күйлерін нақышына келтіре орындап, халыққа рух берді.Ойын-сауықты жүргізуші Алмагүл Бұзаубаева көрермендерге, халық әндерін айтқызып, көне жұмбақтар жасырып, балаларға жаңылтпаштар айтқызып, көш керуеннің қоржынынан ұлттық кигіз үй, торсық, ат, домбыра, түйенің ойыншықтарын шараға қытысқандарға Алғыс хаттар табыстады.Осы шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Мейірманов Асылбек Бекболатұлы, облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының басшысы Аяпбергенова Риза Шайхықызы қатысып осы шараның қортындысы маусым айының 1 күні Этноауыл ашылғанда жарияланатынын хабарлады.Ауыл тойы барлық ауыл тұрғындарының қатысуымен өтіп, барша халық риза болып, ауыл тұрғындары атынан ардагер ұстаз Қорған ата ақ тілегін білдіріп, ауыл қариясы ақ батасын беріп, осындай игі істің бастамасына рухани жаңғырып, ұрпақтарымызға рухани азық бердік деп өз қуаныштарында шек жоқ екенін айтып, керуен көшімен қимай қоштасып, шығарып салды. «Ұлы даланың өнерпаздар керуенінің » өнер көшінің сапары 2019 жылдың 26 наурыз күні Ақсу ауылдық аймағының Құркөл ауылын шығады.

IMG_20190311_180758_475

IMG_20190311_180758_487

IMG_20190311_180758_490

IMG_20190311_180758_488

IMG_20190311_192019_046

IMG-20190311-WA0077

IMG-20190311-WA0126

IMG-20190311-WA0138

IMG-20190311-WA0137

IMG-20190311-WA0104

IMG-20190311-WA0115

IMG-20190311-WA0167

IMG-20190311-WA0152

IMG-20190311-WA0161

 

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov