КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Павлодар облысы бойынша «халықтық», «үлгілі» атақтары бар ұжымдарды растау үшін аттестациялық комиссия мүшелерінің іс-сапары

10 Сәуір 2019 ж. 361

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы, 28- тармағының негізінде Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28-ші наурыздағы №93 бұйрығымен бекітілген көркемөнерпаздар ұжымдарына «халықтық», «үлгілі» атақтарын «беру»және «растау»туралы ережесіне сәйкес Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, «Шаңырақ» ОХШ және МСҚ орталығының ұйымдастыруымен көркемөнерпаздар ұжымының «халықтық», «үлгілі» аттақтарын «растау» үшін 2019 жылдың 10сәуір күні аттестациялық комиссия мүшелері Железин ауданына іс-сапарға шықты.Бұл ауданда 1987 жылы Железин ауданыныңорыс хорының алғашқы жетекшісі Л.И Диметрова жетешілік етіп, 1992 жылы орыс әндері«халықтық» хоры атағына ие болған болатын.Атақтарын хор ұжымы 3 жылда бір қорғап отырды. Л.И Диметрованың Ресей еліне қоныс аударуына байланысты, осы хор ұжымына 2001 жылдан бастап кәсіби білікті маман хормейстер Қарлығаш Тастанбекова жетекшілік жасап, хор ұжымы көптеген аудандық, облыстық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.Ұжым саны және сапасы жағынан өзгеріп, құрамына жастар келе бастады.Железин ауданының «халықтық» хор ұжымы 2013 - 2016 жылдары өткен «Сені жырға қосамын туған өлкем» атты облыстық байқаудың жеңімпаздары, лауреаттары. 2018 жылы өткен мәдениет қызметкерлерініңоблыстық форумында «Сарыарқа» «халықтық» хор ұжымының көркемдік жетекшісі Тастанбекова Қарлығаш «Ең үздік көркемдік жетекші» номинациясына ие болып,қызыл кілемнің үстінен өткен болатын.Хор ұжымының концертмейстері Пупкова Татьяна Константиновна кәсіби түрде хордың барлық шығармаларын ойнап шықты. 2017 жылы Железин аудандық мәдениет үйінің көремдік кеңестің отырысында, хор ұжымына «Сарыарқа» халық хоры деп атауға шешім қабылданды.Хор ұжымның репертуары сан алуан және өте күрделі. Хор құрамында 20 адам бар, онда кәсіби музыкалық білімі бар екі адам ғана, қалғандарының барлығы басқа саладағы қызметкерлер мен жұмыскерлер. Аттестациялық коммисия мүшелеріне хор ұжымы С.Бәйтерековтың өңдеуімен жазылған «Біржан мен Сара», Жаяу Мұсаның «Ақсиса», орыс, қазақ халық әндерін нақышына келтіре орындап,комиссия мүшелерінің көңілінен шықты. Облыстық «Шаңырақ» орталығының «Жас қанат» вокалды студиясының жетекшісі Қалтаева Айгүл Ауғанбекқызы хор ұжымына ризашылығын білдіріп, хордың репертуарын толықтыру жөнінде көптеген кеңестер берді. Облыстық «Шаңырақ» орталығының халық шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі Бұзаубаева А.Ә хор ұжымына казіргі заманауи түрде костюмдер керек екенін Железин АМҮ директоры Қайрат Қабиденұлына айтып, алдағы уақытта шекаралас Ресей елінде Омбы қаласында өтіп жатқан халықаралық байқауларға осы ұжымды қатысса нұр үстіне нұр болатынын, осындай байқауларға қатысу ұжым үшін үлкен тәжірибе, сабақ болады деп өз ойымен бөлісті.Барлық аттестация мүшелері ой- пікірлерімен бөлісіп,хор ұжымына оң бағаларын беріп, ұжымға шығармашылық табыс тілеп оралды.

IMG-20190410-WA0065

IMG-20190410-WA0066

IMG-20190410-WA0067

IMG-20190410-WA0068

IMG-20190410-WA0071

IMG-20190410-WA0073

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov