КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Қ.Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына орай облыстық «Қаныштың ұнатып айтқан әндері» байқауы

12 Сәуір 2019 ж. 443

Облыстық мәдениет және архивтер, құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық «Шаңырақ» орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 12- сәуірі күні Баянауыл аудандық Торайғыров атындағы мәдениет үйінде ғұлама ғалым, профессор, академик, мемлекет қайраткері, жерлесіміз Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына орай «Қаныштың ұнатып айтқан әндері» атты облыстық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Қаныш Сәтпаевтың сүйіп айтқан әндерін болашақ ұрпаққа таныстырып, әншілердің орындаушылық мәдениеті мен кәсіби шеберліктерінің қалыптасуына ықпал ету және жастардың халық әндерін орындау қабілеттерінің шыңдала түсуіне бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды. Байқаудың шарты бойынша үміткер 2 ән орындауы керек халық әні өз таңдауымен, екіншісі Қаныштың көзінің тірісінде ұнатып айтқан әндерінен бір ән болуы және жас шамасында шектеу қойылмаған. Байқауға облыстан 16 үміткер қатысты. Ән айту, аспапта ойнау шеберліктерін еркін игерген бұл қатысушылар бір – біріне еселерін жібермеске, еншісіндегі жүлделерін қолдан бермеске барын салып бақты. Қалай болған мен сайыс-тартыс болған соң көмбеге шын жүйріктің алда келуі бес енеден белгілі. Осы тұрғыда шашасына шаң жұқпас нағыз сәйгүліктерді шылбырын ұстап сұрыптап, аламандағы жарысты анықтайтын арнайы құрылған қазылар алқасы осындай шешімге келді.

«Бас жүлде» - Жакупова Самал /Баянауыл ауданы/

І орын – Көпежанов Сұңғат /Екібастұз қаласы/

ІІ орын – Құрметжан Ербақ /Успен ауданы/

ІІІ орын - Әбдіреев Ақжол /Железин ауданы/

Номинация : «Жезтаңдай әнші» - Салтанат Қисатова /Ақсу қаласы/

«Күміс көмей әнші» - Нұрлан Сейітов /Баянауыл ауданы/

«Көрермен көзайымы» - «Беу жігіттер» ансамблі /Баянауыл ауданы/

Алғыс хат – Тұрғанбек Ерғанат /Баянауыл ауданы/, Ермекова Қамажай /Баянауыл ауданы/, Жүсіпбекова Райхангүл /Баянауыл ауданы/, Әкімжанов Әлем /Майқайң кенті/, Әсенов Дарын /Май ауданы/, Ешанова Айнұр /Павлодар ауданы/, Мағұлов Тілек /Баянауыл ауданы/, Құнанбай Жалын /Успен ауданы/, Адамов Жандос /Баянауыл ауданы/.....

IMG-20190412-WA0014

IMG-20190412-WA0015

IMG-20190412-WA0016

IMG-20190412-WA0018

IMG-20190412-WA0017

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov