КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Қ.Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған «Таутұлға тұғыры» атты танымдық ойыны

17 Сәуір 2019 ж. 85

«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығындағы «Жасын» жобасы ұлтымыздың ұлы тұлғасы, қазақтан шыққан тұңғыш академик, ғалым, мемлекет қайраткері, геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған «Таутұлға тұғыры» атты танымдық-зияткерлік сайыс өткізді. Білім додасына білімі мен білігін сынамаққа бүгінгі бала, ертеңгі дана № 19,22,25 мектептердің өрендері қатысты. Әр мектептен 3 баладан құрылған команда сайланып, олар «Танысу», «Өрлеу», «Самғау», «Көркем сөздің құдіреті», «Ойлан тап», «Қаныштың нақыл сөздері», «Капитандар сайысы» атты 7 кезең бойынша бақ сынасты. Кімнің тапқыр, ұтқыр екенін анықтаған додадағы барлық тапсырмалар Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен қызметі, ұлтына жасаған ұлы істеріне байланысты болды. Тартысты ойынның қорытындысы бойынша № 25 мектебінің «Айбын» тобы 3-орынға ие болса, 2-орын № 22 мектебінің «Сұңқар» тобына бұйырды. Ал 1-орынды № 19 мектебінің «Геологтар» тобы жеңіп алды. Барлық сайыскерлерге дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

IMG_20190417_151626

IMG_20190417_151945

IMG_20190417_151947

IMG_20190417_162114

IMG_20190417_162255

 

_MG_2092

_MG_2136 (1)

_MG_2130

_MG_2108

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov