КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

«Елдіктің терең тамыры» атты облыстық ақындар мүшәйрасы

05 Мамыр 2019 ж. 139

2019 жылдың 5-ші мамыры күні сағат 10.00-де Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени - сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың сәуір айында облыс бойынша жарияланған «Елдіктің терең тамыры» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өтті. Кейінгі буынға Тәуелсіз еліміз, Атамекен, туған жер қастерлі ұғым тудырып, жас ұрпақардың бойына патриотизм, отаншылдық, сезімдерін ояту мақсатында ұйымдастырылды. Мүшәйраға тапсырыс берген14 ақынның 9-ы қатысып, өз өлеңдерін таразыға салды.Қазылар алқасында ақын, Алаш сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағы Павлодар облыстық филиалының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Арман Қани төрелік жасады. Қазылар алқасының құрамында: Облыстық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, айтыскер ақын, «Шаңырақ» орталығы «Желдірме» ақындар мектебінің жетекшісі- Асығат Тұрғанбек, ақын, Республикалық, аймақатық, облыстық ақындар айтысының жеңімпазы –Қуаныш Шарманов, ақын, Облыстық «халық» радиосының тілшісі, ақын- Айбек Оралқан, ақын, облыстық «Регион КZ» газетінің жауапты хатшысы, журналист –Амантай Жарқынбек қатысты. Әр ақын осы тақырыпта 2 өлеңнен оқыды.

Қазылар алқасының шешімімен үміткер ақындарға төмендегі жүлделі орындар таратылды:

«Бас жүлде» Еламан Қабдыләшім Баянауыл

1 орын Алмас Ақтасов Ақсу қаласы

2 орын Алтынбек Мақсатхан Ақсу қаласы

3 орын Раушан Аманкелді Баянауыл

«Ұлы дала дарыны» номинациясына : Бағлан Ерлан Май, Қоңқабай Қожаберген Ақтоғай, Аманжол Биибала Павлодар, Мизан Жұмаәлі Үспен ауданы, Нұрбек Бәкір Баянауыл ие болды.

Осы мүшәрада Отанға, туған елге, Қазақ еліне деген жас ақындардың патриоттық сезімін, жалынды жырларынан сезініп тұрды.

IMG-20190505-WA0006

IMG-20190505-WA0007

IMG-20190505-WA0009

IMG-20190505-WA0011

IMG-20190505-WA0013

IMG-20190505-WA0014

IMG-20190505-WA0022

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov