КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

«Мейірімді ана, ерке қыз» облыстық байқауы

13 Мамыр 2019 ж. 102

Павлодар облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, «Шаңырақ» ОХШ және МСҚ орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың мамыр айының 13 күні сағат 14.00-де аналар мен қыздар арасында «Мейірімді ана, ерке қыз» атты облыстық байқау Павлодар ауданы, Красноармейка ауылында өтті. Қазіргі заманда ана мен қыз арасындағы байланыс, қызына парасатты тәрбиені бере білетін, қасиетті жеріміздің, еліміздің салт-дәстүрін, өнегесін жас ұрпақтарымыздың бойына сіңірте білетін және нәзік жүректеріне жол таба білетін әдепті де әдемі, білімді де білікті ана мен қыз баланы халыққа танытып, насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Ертеңгі болашақ ана болатын қыздарымызды анасына қолғанат болатын, үлкенді сыйлап кішіні құрметтейтін, салт-дәстүрімізді білетін, білімді, жан-жақты, қайсар қыздарды тәрбиелей отыра, қазіргі заманда ана мен қыз арасындағы байланыстың аражігін жақындастыратын бұл байқауға аудандардан іріктеліп келген 5 жұп ана мен қыз бала қатысты. Төрт кезеңнен тұратын байқау неғұрлым саны аз болғанымен сапасы сол ғұрлым жоғары өтті. Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімі үміткерлерді әділ түрде бағалады.

Олар:

I орын – анасы Касимова Индира, қызы Құдайберген Дарина /Баянауыл ауданы/

II орын – анасы Халима Гүлжан, қызы Омарова Аягөз /Павлодар ауданы/

III орын – анасы Сапарова Назгүл, қызы Сапарова Нұрай /Шарбақты ауданы/

Номинациялар: «Үлгілі ана» - Бекенова Тәттігүл /Ақсу қаласы/

«Әдепті қыз» - Сейілғазы Жадыра /Май ауданы/

IMG-20190513-WA0022

IMG-20190513-WA0023

IMG-20190513-WA0024

IMG-20190513-WA0025

IMG-20190513-WA0026

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov