КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

«Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты зияткерлік сайысы

21 Мамыр 2019 ж. 169

Елімізде 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын құрбандарын еске алу күні. ҚР Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі бұйрығынан соң жыл сайын 31 мамырда репрессия құрбандарын еске аламыз. Тарихтың сұрапыл жылдары халқымыздың басым бөлігі қасаң да қатаң мемлекеттік саясаттың құрбанына айналды. Осы күнге орай «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығындағы «Жасын» жобасы «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты танымдық-зияткерлік сайыс өткізді.

Зияткерлік сайыстың басты мақсаты - елі үшін құрбан болған ұлт тұлғаларының өмірі мен қызметін, қайраткерліктерін насихаттау, тарихтың ақтаңдақ беттерін парақтау. Шара репрессияға ұшырап, жазықсыздан жазықсыз бұл дүниемен қош айтысқан арыстарды бір минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды.

Додаға білімі мен білігін сынамаққа бүгінгі бала, ертеңгі дана № 2,7 және 37 орта білім беру мектептерінің өрендері қатысты. Олар «Танысу», «Өрлеу», «Самғау», «Көркем сөздің құдіреті», «Ойлан тап», «Мақал – сөздің мәйегі» атты 6 кезең бойынша бақ сынасты.

Ойын қорытындысы бойынша №37 орта білім беру мектебінің «Дарын» тобы озат шығып, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды №2 мектептің «Жас қанат» тобы иеленсе, 3-орын №7 мектептің «Тапқырлар» тобына бұйырды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

 

IMG_20190521_161514

IMG_20190521_161756

 

IMG_20190521_171439

 

 

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov