КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Павлодар облысының мәдениет және өнер қызметкерлерінің «Өнер толқыны» атты салтанатты кеш

24 Мамыр 2019 ж. 283

Павлодарда мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне арналған «Өнер толқыны» салтанатты кеші өтті. «Шаңырақ» орталығындағы салтанатты кешке жиналған өңірдің мәдениет және өнер саласының қызметкерлері алдымен қызыл кілеммен жүріп өтті. Одан кейін мереке иелері «Ұлы даланың жеті қыры» көрмесін тамашалады. Шараның келесі бөлімінде облысымыздағы мәдениет және өнер саласының қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне, ҚР Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасына және Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хатына ие болды. Сонымен қатар, мәдениет пен өнердің «Үздік аудандық кітапхана», «Үздік ауылдық клуб», «Облыстық мәдениеттің үздік насихаттаушысы», «Үздік ер адам рөлі», «Жыл әншісі» сияқты түрлі бағыттарында жеңімпаздар анықталды. Концерттік бағдарламада облысымыздың шығармашылық ұжымы, Иса Байзақов атындағы филармониясы және Қазақстан эстрадасының жұлдызы Нұржан Қалжан өнер көрсетті.

IMG-20190524-WA0073

IMG-20190525-WA0022

IMG-20190525-WA0023

IMG-20190525-WA0024

IMG-20190525-WA0025

IMG-20190525-WA0026

IMG-20190525-WA0027

IMG-20190525-WA0028

IMG-20190525-WA0029

 

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov