КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

«Демалыс уақытында балалардың бос уақытын ұйымдастыру» атты стажировка

21 Маусым 2019 ж. 264

22 маусым 2019 жылы облыстық «Шаңырақ» орталығының кіші залында "Демалыс уақытында балалардың бос уақытын ұйымдастыру» атты стажировка өтті. Стажировканы кіріспе сөзбен облыстық «Шаңырақ» орталығы басшысының орынбасары Сапар Оразалыұлы Шайхимов ашты. Ол өз сөзінде: «Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлысытың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау.

Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизмге, мәдени-рухани үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады. Сондықтан жастар арасындағы мәселелерді жіті қарастыруды мақсат етіп отырмыз» деді. Алғашқы боп стажировканы Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Жантурина Әйгерім Қайроллақызы бастады,сондай-ақ Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Нагорная Л.П практикалық дәрісін жалғастырды.

Барлық қатысушылармен облыстық «Шаңырақ» орталығының оқу-әдістемелік бөлімінің әдіскері Жұматай Нұртас практикалық ойынды өткізді. "Демалыс уақытында балалардың бос уақытын ұйымдастыру» атты шараны қорытындылап,барлық стажировкаға қатысушылар естелік сүретке түсті.

20190621_111743

20190621_112146

20190621_112446

20190621_112156

20190621_111735

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov