КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

«Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы аясында «Ұлы даланың өнерпаздар керуенінің» іс-сапары

26 Маусым 2019 ж. 255

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» тарауында «ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттауға тиіспіз» деген болатын.Осы мақала аясында Павлодар облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен қолдауымен «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен ата-бабадан келе жатқан ұлы мұраны кеңінен насихаттап, ұлы дала мұрагерлерінен өткен мыңжылдықтағы өнегелі, нұсқалы сөздердің тізбегіндей болған халық ауыз әдебиетінің айтыс, дәстүрлі ән, терме, күй, ұлттық ойындар,ұлттық қол өнер, ұлттық тағамдар, жаңылтпаш, жұмбақтар фольклорын шалғайда жатқан елді мекендегі халыққа дәріптеу мақсатында облыстық «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» 2019 жылдың 26-ші Маусымында Ертіс ауданының, Иса Байзақов ауылына керуен басын тіреді.Өнер көш керуенін аудан әкімінің орынбасары Сағынаев Жаңбырбай Бақиұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы Адамова Құралай Арыстанқызы мен аудандық мәдениет үйінің директорының міндетін атқарушы Жақыпов Сәкен Сейілбекұлының ұйымдастыруымен «Ер қанаты ат» -демекші қазақи нақышта жасалған күйме ат арбамен қарсы алып,келген өнерпаздарға қымыз ұсынып,бауырсақ таратты.Домбырада сүйемелдеп, Салтанат Шәмей және Ырысты Әлібекқызы әннен шашу шашып ауылдық клубқа көшті бастап әкелді.Ауылдық клубтың алды киіз үйлермен әсем шарлармен, мерекеге сай безендірілген. Далада ұлттық күйлер мен әндер орындалып, ауыл тұрғындары жасы да кәрісі де, балалар да ұлы тойға дайындалып, ұлттық киім киген. Ауыл тұрғындары үлкен қуанышпен «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» көшін қошеметпен қарсы алып, әжелер далада қазанда пісіп жатқан ұлттық ыстық бауырсақ татырып, әжелер тобы ән салып,ауыл жастары мен балалары алтыбақан теуіп, Далада самауырлар қайнатылып, қазанда палау пісіріліп жатты. Боз кілемде білекті палуандар күштерін сынасып, ауылдың жігіті қой қырқудан ең үздік шебері бір сағатта 15 қой қырқып үлгереді,осы жігіт келген қонақтарға қалай тез қой қырқу тәсілін көрсетті. II көрініс Клубтың кіре берісінде әжелер жүн иіру,киіз басудың қалай дайындалатынын көрсетіп, айтып отырды.Келесі көріністе бидай тартып, тары түйіп, диірменнен талқан тартып отырды, ою-өрнектелген, ұлттық қол өнер шеберлерінің туындылары және құндыз,суыр сияқты жануарларды кептіріп картина жасалған көрме ұйымдастырылып, Ауыл көркемөнерпаздарының ұйымдастырған концерттік бағдарламалары ұйымдастырылды. Бірінші болып Ертіс ауданының ауыл жастары,өнерпаздары сахнада Иса Байзақов туралы қысқа метражды көрініс қойды,шағын концерт қойды. Сахнаға «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» шығып концерттік жүргізуші Алмагүл Бұзаубаева қара өлеңмен айтыскер ақындарды қошеметпен ортаға шақырып таныстырды. Ардагер ақын, айтыста Ақтоғайдың «қара нары» атанған Бейсенбі Мұқажанмен, жас ақын Бәкір Нұрбек айтысып, ұтқыр ой, әсем әзілмен ата мен немере болып айтысып көрерменнің ыстық ықыласына бөленді,сондай-ақ әнші сазгер ҚР мәдениет қайраткері Асан Әбдікәрім сырнаймен халық әндерін, авторлық әндерін орындаса,дәстүрлі әнші Әсел Ботаева Естайдың әндерінен және халық әндерінен әсем дауысымен шашу шашты. Аманкелді Қадыр және жас әнші Әлия Закриянова халық әндерін орындап көрерменнің ықыласына бөленді, бармағынан бал тамған күйші Аида Әлжанова Құрманғазы,Қазанғап, Науаи, Динаның күйлерін орындаса қобызшы Нұртас Жұматай қобыз аспабында Қорқыттың күйі «Қорқытты»нақышына келтіре орындап, халыққа рух берді.Ойын-сауықты жүргізуші Алмагүл Бұзаубаева көрермендерге, халық әндерін айтқызып, көне жұмбақтар жасырып, балаларға жаңылтпаштар айтқызып, көш керуеннің қоржынынан ұлттық кигіз үй, торсық, ат, домбыра,қамшы, түйенің ойыншықтарын шараға қытысқандарға алғыс хаттар табыстады. Ауыл тойы барлық ауыл тұрғындарының қатысуымен өтіп, барша халық риза болып, ауыл тұрғындары атынан ауыл белсендісі ақ жаулықты әжей ақ тілегін білдіріп, ақ батасын беріп, осындай игі істің бастамасына рухани жаңғырып, ұрпақтарымызға рухани азық бердік деп өз қуаныштарында шек жоқ екенін айтып, керуен көшімен қимай қоштасып, шығарып салды. «Ұлы даланың өнерпаздар керуенінің » өнер көшінің сапары 2019 жылдың 17 шілде күні Тереңкөл ауданы «Тереңкөл» ауылына шығады.

 

IMG-20190627-WA0002

IMG-20190627-WA0004

IMG-20190627-WA0011

IMG-20190627-WA0006

IMG-20190627-WA0009

IMG-20190627-WA0014

IMG-20190627-WA0015

IMG-20190627-WA0010

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov