КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

«Ұлы даланың өнерпаздар керуені» Тереңкөл ауданына дәстүрлі іс-сапары

19 Шілде 2019 ж. 183

2019  жылдың 17-шілдесі күні облыстық «Шаңырақ» орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» дәстүрлі іс-сапармен Тереңкөл ауданында өнер көрсетіп қайтты. Керуен басында шашуын шашып, сәлемін берген ауылдың ақжаулықты әжелері, гүл бәйшешектей жайнаған қылықты қыздары мен бұрымды бикештері болды. Мәдениет үйіне кірмес бұрын ұлттық тағамдар мен сусындардан ауыз тигізіп, кіре берісте қол өнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастаралғын. Керуен басы, айтыскер ақын Бейсенбі Мұқажан ауыл жұртшылығына арнауын арнады. Бұл жолғы өнерпаздар керуеннің ән-кеші, салт-дәстүрі, айтыс-тартысы, ұлттық ойындары үлкен тойға ұласып, кейінгі ұрпаққа берер тағылымы зор жобаға айналды

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov