КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

«Түйелі керуен көші» Баянауыл ауданы Теңдік ауылы

25 Шілде 2019 ж. 205

23-шілде күні облыстық «Шаңырақ» орталығының ұйымдастыруымен кесте бойынша облысқа жол тартқан «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында өзіндік көмкерілген өрнегімен халыққа берері мол, өнегелі жобаның бірі де бірегейі «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» Баянауыл жеріне барып қайтты. Әрі тасы тұңғиық да тылсым, тарихтан сыр шертетін қасиетті мекен, ұлылардың жері, дүлдүлдердің елі Баянауыл ауданының Теңдік ауылында жобадағы көрсетілген ережеге сай мәнді де, сәнді мәдени іс-шара өтті. Облыстан барған меймандар, алғашқы қадамын ауыл жанында орналасқан әйгілі Мұса Шорманұлының кесенесіне барып, тағзым етіп, аруақтарға құран бағыштаудан бастады. Келесі саты біздерді күтіп тұрған «Түйелі керуен көші» еді. Арнайы қомдалып, әбзелденген жуас түйелерге мініп, орталықтағы ауылдық мәденеит үйіне келдік. Алыстан ат басын тіреген біздерді қарсы алудан бастап, қазақтың қандай салт дәстүрін іздесеңіз сол құндылықты осы жерде, осы елде жолықтырдық. Олар: қолөнер, ұлттық тағам, көне ойын түрлері және әсем ән мен тәтті күй. Бірінші аудан өнерпаздарының концертін тамашалап болған соң келесі сахна төрінің кезегі ұйымдастырушы жағына келді. Тыңдар құлақ бар жерде, өнердің шекарасы өлшеусіздігі бәрімізге мәлім. Осындай ой тастар тағылымы зор, кейінгі ұрпаққа берері мол жақсы игі істеріміз ұзағынан болсын.......

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov