КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

«Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы аясында «Ұлы даланың өнерпаздар керуенінің» іс-сапары

05 Тамыз 2019 ж. 218

 

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» тарауында «ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттауға тиіспіз» деген болатын.Осы мақала аясында Павлодар облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен қолдауымен «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен ата-бабадан келе жатқан ұлы мұраны кеңінен насихаттап, ұлы дала мұрагерлерінен өткен мыңжылдықтағы өнегелі, нұсқалы сөздердің тізбегіндей болған халық ауыз әдебиетінің айтыс, салт –дәстүр, дәстүрлі ән, терме, күй, ұлттық ойындар, жұмбақтар фольклорын шалғайда жатқан елді мекендегі халыққа дәріптеу мақсатында облыстық «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» 2019 жылдың 5-ші тамыз күні Павлодар ауданының Красноармейка ауылына керуен басын тіреді.Өнерпаздардың көш керуенін ауылдың кіре берісінде атқа мінген жігіттер мен қыздар, ұлттық киімде домбыра мен сырнаймен ән салған Красноармейка елінің сері жігіттері көш керуенін қарсы алды. Ауылдық клубтың алды әсем мерекеге сай безендірілген.Далада ұлттық күйлер мен әндер орындалып,ауылдың ұлттық киім киген барлық ауыл тұрғындары жасы да кәрісі де, бала-шағалар да ұлы тойға үлкен дайындықпен келгені көрініп тұрды. елінің халқы үлкен қуанышпен «Ұлы даланың өнерпаздар керуенін» көшін қошеметпен қарсы, алып, ауылдық мәдениет үйінің алдында Тоқтар Нұрбековтің сырнай сүйемелдеуімен «Гүлдерайым» халық әнімен қарсы алды.

Орыс ұлтты әжелер тобы да «Хлеб,соль»ұсынып әсем ән айтып қарсы алды. Әжелер ән салып, шашу шашты. «Ер қанаты атқа мінген» бозбалалар «аударыспақ» ойынын ойнады,баланы атқа мінгізу «Ашамайға мінгізу» салтынан көрініс көрсетті.Атқа мінген балаға ауылдың ақсақалы бата берді.Ауылдық мәдениет үйінің алдында әжелердің қолынан шыққан жабдықтар ,олар; алаша тоқығыш және ою-өрнекті әдемі текемет,құрақ көрпе,сәукеле,ағаштан жасалған ыдыс аяқ көрменің сәнін келтірді. Красноармейка өнерпаздарының концертін тамашаладық. Домбырамен орындаған Айнұр Ешманованың орындауында «Тай буырылдың шабысы-ай» әні көрермендер қөшеметіне бөленді. Жүргізушілер Қабидолла Еламан және «халық радиосының», «таң KZ»бағдарламасының жүргізушісі Дүйсен Айдана болды.Эстрадалық әнші «Қазақ вальсі» әнімен Елдана Дюсенова да көрермен қошеметіне бөленді.Облыстық шаңырақ орталығының өнерпаздары концертінде айтыс өнерін көрсеткен ретро айтыскер ақын Бейсенбі Мұқажан ,жас ақын Нұрбек Бәкір,композитор, «Шаңырақ сазы» ансамблінің жетекшісі Асан Абдікаримов баян аспабымен авторлық әнін орындады,.әнші Амангелді Қадыр,күйші,қобызшы Нұртас Жұматай, «Томирис» қазақ-шығыс би ұжымы өнер көрсетті.Концерттің жүргізушісі Әлия Закриянова көрермендерге жұмбақтар жасырып,жеңімпаздарға силықтар таратты.Концерт соңы қара жорға биімен аяқталды,Барша көрермен және өнерпаздар шеңберде «қара жорға»биін биледі.

IMG-20190805-WA0024

IMG-20190805-WA0023

IMG-20190805-WA0026

IMG-20190805-WA0028

IMG-20190805-WA0029

IMG-20190805-WA0034

IMG-20190805-WA0041

IMG-20190805-WA0043

IMG-20190805-WA0046

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov