КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

ҚР «мәдениет саласының үздігі» облыстық, республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүлдегері, Ақтоғай ауданының құрметті азаматы Бейсенбі Мұқажанның 70 жас мерейтойына арналған «Жырлаумен өткен жылдар-ай» облыстық ақындар айтысы

21 Қыркүйек 2019 ж. 179

2019 жылдың қыркүйек айының 21- ші жұлдызында Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен Бейсенбі Мұқажанның 70 жас мерейтойына орай «Жырлаумен өткен жылдар-ай» атты ақындар айтысы өтті. Айтыста Бейсенбі Мұқажан ағамыздың 70 жасты бағындырған жетістіктерін, еліне сіңірген,мәдениет саласына сіңірген еңбегін арқау етіп, ұлттық мүддесін, мақсат-мұратын, жырға қосты.

Айтыс орақ тілді, от ауызды, білімді, көңілі ашық, көзі ояу талантты да талапты ақындарды халыққа таныту мақсатында өтті. Қазылар алқасының шешімімен облыстық «Жырлаумен өткен жылдар-ай» атты облыстық ақындар айтысында:

• «Бас жүлде» - Нұрқанат Қайрат ( Баянауыл ауданы);

• І орын -Алтай Қадірбек (Баянауыл ауданы);

• ІІ орын - Рауан Қайдаров (Екібастұз қаласы);

• ІІІ орын - Бөкен Жігерұлы (Успен ауданы).

«Бейсенбі Мұқажан» атындағы арнайы жүлде Батай Гүлшекерге ( Павлодар ауданы) бұйырды.

Қалған айтыскерлер алғыс хаттармен марапатталды.

IMG-20190921-WA0003

IMG-20190921-WA0018

IMG-20190921-WA0024

IMG-20190921-WA0030

IMG-20190921-WA0032

IMG-20190921-WA0033

IMG-20190921-WA0034

 

 

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov