КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

«Әдіскер» әдіскерлер клубының әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу кеңесі

08 Қазан 2019 ж. 126

     2019 жылдың 8 қазаны күні Аққулы ауданының мәдениет үйінде ауылдық мәдениет үйлері меңгерушілерінің, мәдени ұйымдастырушылары мен әдіскерлерінің қатысуымен «Әдіскер» Әдіскерлер клубының әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу » атты әдіскерлер кеңесі өтті. Әдіскерлер кеңесінде «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени сауық қызметі орталығы басшысы Р.Ш.Аяпбергенова кіріспе сөзімен ашты.

     Баянауыл ауданының әдіскері Ж.Майкенова жүйелі жұмыс – нәтижелі жетістіктерін баяндама оқып слайдпен таныстырып өтті. Дәстүрлі ән туралы түсінік беру және орындау туралы Самал Жакупова айтып өтті. «Беу жігіттер» халықтық ансамбльі, әнді топпен айтып дауысқа бөлу туралы шеберлік классын өткізіп, сонымен қатар, режиссер А.Тойчиева театр туралы түсініктеме айтып жиналған көрермендермен ойын өткізді. Бағдарламада Тереңкөл ауданының көркемдік жетекшісі Л.Н.Шленчак мәдени іс – шаралар туралы баяндама оқып өтті. «ВИА», как возможность индивидуальной коллективной импровизации и активного диалога с аудиторией» атты баяндаманы әдіскер М.М.Ахметова айтып өтті. «Вокалдық-аспатық ансамбльдің өскелең ұрпақтың көркемдік шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы рөлі» атты баяндама Б.Б.Алдангоров айтты.

     Сонымен қатар «Ритм» ВАА-ның көрсетілім бағдарламасын Б.Р.Дюсекеев айтып бірнеше ән айтып көрерменнің көңілін көтерді. Аққулы ауданы «Дыбыс сиқыры» атты мастер классты Студия жетекшісі – Өмірұзақ Елемес көрсетіп өтті. Сөз соңында барлық мәдениет қатысушылары Баянауыл, Тереңкөл, Аққулы аудандарының жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты.Сонымен қатар, әдіскерлер кеңесінен алған әсерлерімен бөлісіп, қорытындылады.

 DSC02898

 

DSC02908

DSC02928

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov