2019 жылдың 16 қазан күні «Шаңырақ» ОХШ және МСҚ орталығының ұйымдастыруымен Павлодар облысы бойынша көркемөнерпаздар ұжымдары мен шығармашылық ұжымдарға «халықтық», «үлгілі» атақтарын беру, қайта қорғау мақсатында арнайы құрылған сарапшы мамандар Баянауыл ауданына барды.
Осы тұрғыда ауылдық және қалалық көркемөнерпаздары мен шығарма-шылығын дамытып, талантты ұжымдарға қолдау көрсетіп кәсіби шеберліктерін айқындап, олардың кәсіби ұжым немесе талант иесі болып қалыптасуына мүмкүндік жасау. Үш жылда бір мәрте ҚР Мәдениет және спорт миистрлігінің қаулысыммен көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдарға «халықтық», «үлгілі» атағын беруге арналған аттестациялық комиссияның нұсқауы бойынша өтті.
Комиссия құрамының алдында «Баянауыл халықтық театры», «Баянауыл әуендері халықтық вокалды ансамблі», «Беу жігіттер халықтық фольклорлық ансамблі», «Баян сұлу үлгілі хореогафиялық би ансамбльдері тек сахнадағы көрсеткен өнерлерімен шектеліп ғана қоймай жетістіктері мен жемісті еңбектерін өз кітапша құжаттамалары арқылы да дәлелдей білді.