Жалпы облысымызда ұлттық өнеріміздің өсіп-өркендеуіне, мәдениетіміздің дамуына үлкен үлесін қосып жүрген 81 «халықтық», «үлгілі» атағы бар көркемөнерпадар ұжымдары бар. Олар қазақ халқының және облыстағы басқа да халықтардың рухани-мұраларын, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрптарын кеңінен насихаттап; мемлекеттік және әлеуметтік салт-дәстүрлердің, қайта жаңғыруына зор үлесін қосуда.Мәдениет туралы «Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы, 28-ші тармағының негізінде Мәдениет және ақпарат Министрінің 2007 жылғы 28-ші наурыздағы №93 бұйрығымен бекітілген көркемөнерпаздар ұжымдарына «халықтық», «үлгілі» атағын «растау» туралы Ережесіне сәйкес «халықтық», «үлгілі» атағын растауға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен 2019 жылдың 18-ші қазаны күні аттестациялық комиссия мүшелері Ертіс ауданы, Иса Байзақов ауылдық мәдениет үйінің жанында құрылған «Байзаковские зори» «халықтық» хорын «растауға» іс сапарға шығарып, қатысып, сол күні осы ұжымның құрылғанына 10 жыл толған шығармашылық концертіне қатысты. Зал толы көрермен болды. Құрамы 13 адамнан тұратын хор ұжымы сан алуан ұлттан құралған 45 пен 70 жас аралығына дейінгі өнерпаздардан құралған.Осы құрамның жетекшісі ауылдық мәдениет үйінің директоры Рысты Әлібекқызының зор еңбегі көрініп тұрды.
Сондай-ақ осы ұжымның жанынан «Ақ жайна» әжелер би тобы құрылған. Олар қазақ, орыс билерін биледі. Сол күні фойеде 10 жыл ішіндегі ұжымның жетістіктері жайында көрмеде фотосуреттер, марапаттары қойылған. Ұжымның репертуарында қазақ, орыс, неміс, украйн, молдаван әндері орындалды. «Байзаковские зори» хор ұжымы «халықтық» атағын растады.