КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Ұлы дала дүбірі» атты зияткерлік сайысы

23 Қазан 2019 ж. 125

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлытауға сапары барысында Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойын атап өту туралы бастамасынан кейін елімізде үлкен жұмыстар басталып кетті. Мұрағаттарда шаң басып жатқан құжаттар да қайта көтеріліп, тарихшы ғалымдарымыз да батыл болжамдар жасай бастады. Жер-жерде, өңір-өңірлерде жиындар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, бұрындары көп қаузала бермейтін Алтын Орда, Шыңғыс ханның тұңғышы Жошы және оның құрған алып империясы туралы тың пікірлер талқыға түсіп жатыр. «Шаңырақ» орталығының «Жасын» жобасы да Алтын Орданың 750 жылдығына арнап «Ұлы дала дүбірі» деген атпен танымдық-зияткерлік сайысын өткізді. Білім додасына қаламыздың № 22, 25 және 35 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары ат салысты. Қатысушылар «Танысу», «Ұлы дала тарихы», «Тамсан», «Ойлан тап», «Ұлы дала әуені» деп аталатын 5 кезең бойынша жарысқа түсті.

    Сайыста Алтын Орданың құрылу, қалыптасу кезеңдері, күш-ахуалы мен гүлдену, күйреу оқиғалары жайлы сауалдар мен тапсырмалар берілді. Ойын қорытындысы бойынша №22 мектептің «Тұран» тобы 3-орын, №25 мектептің «Ұлы дала» тобы 2-орынбұйырса, №35 мектептің «Жалын» тобы оза шауып 1-орынды иемденді. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

20191023_160510

20191023_151908

20191023_152056

20191023_155419

 

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov