КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Ұлы дала өнерпаздар керуенінің қорытындысы!

06 Қараша 2019 ж. 148

Гала концерт, марапаттау «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 1-ші наурызынан бастап 10-шы қыркүйекке дейін «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» атты жоба облыстың барлық аудандары мен елді мекендерінде мәдени іс-сапармен аралап қайтты. Ондағы мақсат: Ата-бабадан келе жатқан ұлы мұраны кеңінен насихаттап, ұлы дала мұрагерлерінен өткен мыңжылдықтағы өнегелі, нұсқалы сөздердің тізбегіндей болған халық ауыз әдебиетінің айтыс, дәстүрлі ән, терме, күй, ұлттық ойындар, жаңылтпаш, жұмбақтар фольклорын шалғайда жатқан елді мекендегі халыққа дәріптеу. 2019 жылдың 6-қарашасы күні сағат 15.00 да облыстық «Шаңырақ» орталы-ғының үлкен залында «Ұлы даланың өнерпаздар керуені» атты облыстық жобаның Гала концерті мен марапаттау рәсімі өтті. Жобаның қортынды концертінде облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы жобаға қатысушылармен жиналған көрерменге алғыс сөзін айтып, жоба жеңімпаздарын марапаттады. ДИПЛОМДАР..... 1. «БАС ЖҮЛДЕ» - Ұлттық салт дәстүрді үндестіре отыра «Ұлы даланың өнерпаздар керуенін» кеңінен насихаттап, үздік өнер көрсеткен ырыс-құты мол мекен МАЙ АУДАНЫ 2. «І-ОРЫН» - Қазақ халқының төл өнері мен салт дәстүрін асқақтата жырлаған өнегелі киелі мекен БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ 3. «ІІ-ОРЫН» - Баға жетпес құндылықтарды ерекше жеткізе білген алтын астықтың мекені ЕРТІС АУДАНЫ 4. «ІІІ-ОРЫН» - Бабадан қалған ұлы мұраны насихаттауға ел болып белсене қатысқан ынтымақтың мекені АҚҚУЛЫ АУДАНЫ 5. «Ұлы даланың ұлттық киім бренді» Екібастұз ауылдық аймағынан Қазынагүл Алпысбаева НОМИНАЦИЯЛАР... 6. «ӨНЕГЕЛІ ӨРЕНДЕР» «Ұлы даланың өнерпаздар керуенін» қолөнер шеберлігімен жеткізе насихаттаған үшін Май ауданынан Балтабай Ералы 7. «ӨНЕГЕЛІ ӨРЕНДЕР»- «Ұлы даланың өнерпаздар керуенін» қолөнер шеберлігімен жеткізе насихаттаған үшін Май ауданынан Аяжан Елубай 8. «ӨНЕГЕЛІ ӨРЕНДЕР» «Ұлы даланың өнерпаздар керуенін» қолөнер шеберлігімен жеткізе насихаттаған үшін Май ауданынан Медина Адамқұлова 9. «КӨШПЕНДІЛЕР ТАҒАМЫ» Қазақтың ұлттық асын дайындауда бес саусағынан бал тамған шебер Баянауыл ауданынан Қымбат Жұмагелдинова 10. «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН АУЫЛ» Белсенді қатысқаны үшін УСПЕН АУДАНЫ, ОЛЬГИНА АУЫЛЫ 11. «ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ» Ұлағатты өнерімен жұртты тамсандырған Шарбақты ауданынан Гүлнар Өнерхан 12. «ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ» Белсенді қатысқаны үшін Шарбақты ауданынан Гүлмира Атығаева 13. «ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ» Көне дәстүрді кеңінен жаңғыртқаны үшін Ертіс ауданы Сержан Дәлелхан 14. «ТӨЛ ТУМА ТУЫНДЫ» Өнерімен ерекше көзге түскені үшін Ертіс ауданы Қанағат Аушахманов 15. «АЛТЫН ОЙМАҚ» «Ұлы даланың өнерпаздар керуенін» қолөнер шеберлігімен жеткізе насихаттағаны үшін Тереңкөл ауданы Зукура Әубәкір 16. «АҒАШ ҰСТАСЫ» «Ұлы даланың өнерпаздар керуенін» қолөнер шеберлігімен жеткізе насихаттағаны үшін Павлодар ауданы Алпыс Шалабаев 17. «СЕГІЗ ҚЫРЛЫ БІР СЫРЛЫ» «Ұлы даланың өнерпаздар керуенін» жан-жақты өнерімен насихаттағаны үшін Железин ауданы Ақжол Әбдіреев 18. «АТ ӘБЗЕЛДЕРІНІҢ ШЕБЕРІ» «Ұлы даланың өнерпаздар керуенін» жан-жақты өнерімен насихаттағаны үшін Тереңкөл ауданы Шаймардан Бұқаев 19. «ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ» «Ұлы даланың өнерпаздар керуенін» облыстық «Халық радиосында» тыңдармандарға кеңінен насихаттағаны үшін Бекболат Сауырбай 20. «ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ» Аймагүл Бұзаубаева 21. «АБЫЗ АҚЫН» Бейсенбі Мұқажан 22. «ЖАС АҚЫН» Нұрбек Бәкір 23. «ЖОБА ӨНЕРПАЗЫ» Асылбек Әбдікәрім 24. «ЖОБА ӨНЕРПАЗЫ» Аманкелді Қадыр 25. «ЖОБА ӨНЕРПАЗЫ» Әлия Закриянова 26. «ЖОБА ӨНЕРПАЗЫ» Нұртас Жұматай 27. «ЖОБА ӨНЕРПАЗЫ» Аида Әлжанова 28. «ЖОБА ӨНЕРПАЗЫ» Ербол Қарманов Бұл шараға қаланың зиялы қауымымен қатар облыстың барлық өнер мәдениет саласының қызметкерлері ат салысып, белсенді түрде қатысты.

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov