КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

ҚР Мәдениет және спорт миистрлігінің қаулысыммен көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдарға «халықтық», «үлгілі» атағын беруге арналған аттестациялық комиссияның іс сапары

16 Қараша 2019 ж. 69

2019 жылдың 16- қарашасы күні облыстық «Шаңырақ» орталығының арнайы құрылған комиссия мүшелері Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ шығармашылық ұжымдарының бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмысын тексеріп бағалап қайтты. Ондағы негізгі мақсат: Павлодар облысы бойынша көркемөнерпаздар ұжымдары мен шығармашылық ұжымдарға «халықтық», «үлгілі» атақтарын беру, қайта қорғау немесе растау болып табылады. Үш жылда бір мәрте ҚР Мәдениет және спорт миистрлігінің қаулысыммен көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдарға «халықтық», «үлгілі» атағын беруге арналған аттестациялық комиссияның нұсқауы бойынша өтті. Растау рәсімі Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» үйінде өтті. Аталмыш мекеменің атақтары бар ұжымдары тыңғылықты дайындықпен белсенді түрде қатысты. Ұжымдардың осалы болмады, олай дейтініміз халықаралық, республикалық, облыстық байқауларда жүлде алған жетістіктері басым. Растауға «Возрождение», «WiR» халықтық вокалдық ансамблі, «Мирас» татар-башқұрт халықтық вокалдық ансамблі, «Иртышские казаки», халықтық ансамблі, «Надзея» Беларусь этномәдени бірлестігінің «халықтық» вокалдық ансамблі сынды өнер ұжымдары сахнадағы көрсеткен өнерлерімен шектеліп ғана қоймай жетістіктері мен жемісті еңбектерін өз кітапша құжаттамалары арқылы да дәлелдей білді.

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov