КМҚК «Шаңырақ»
«Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығы

Біздің мекенжайы:
Павлодар қ., Нұрсұлтан Назарбаев даң., 1
Телефон
+7 (7182) 68-03-00
E-Mail
shanyrak_001@mail.ru

Жаяу Мұса атындағы Ақсу коллежінде облыстық мәдениет қызметкерлеріне арналған «Кәсіби құзіреттілік бәсенеге қабілетті маманның негізі» тақырыбында семинар

22 Қараша 2019 ж. 40

22 қараша күні Жаяу Мұса атындағы Ақсу коллежінде облыстық мәдениет қызметкерлеріне арналған «Кәсіби құзіреттілік бәсенеге қабілетті маманның негізі» тақырыбында семинар өтті. Семинарда сөз бастаған облыстық «Шаңырақ» ХШ және МСҚ орталығының оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Байсельдинова Замира Мырзаханқызы өз баяндамасын жасап, мәдениет майталмандарының еңбектеріне табыс тіледі. Шарада мәдениет қызметкерлер тәжірибе жұмысында пайдалана алатын әр түрлі мағлұматтар алып, топтық пікірталас ойындарының әдістерімен танысып, тәжірибе жұмысының жаңа үрдістері бойынша пікірлерін ортаға салды. Аймағымыздағы аудан қалалардың мәдениет қызметкерлері өзара тәжірбие алмасып тұруды әдетке айналдырған «Шаңырақ» орталығы аталған іске ұйытқы болды. Іс-шараларды ұйымдастырудың тың тәсілін қолдана білу керек. Себебі әріптестердің тәжірбие алмасуы маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. Бағдарлама бойынша «Түлектердің жұмысқа орналасуы еңбек нарығында мамандарға сұраныс факторы» тақырыбында Қостанай педагогикалық колледжнің ұстазы Доспанова С.М. баяндады. Кітапхана, музей, ресурстық орталыққа кампус-тур Закирьянова А.Б., Кенжегалиева М.Б., Соколова О.В., көрсетіп, таныстырды. Семнарға қатысқан мәдениет қызметкерлерді үш топқа бөліп, үш бағыт бойынша шеберлік класстар сағаттары қойылды. Бірінші бағыт: «Әлеуметтік-мәдени бағдарламаларда қолданылатын хореографияның заманауи бағыттары» өткізген Амирханова М.Т., Мысыкбаева А.К. Екінші бағыт: «Музыкалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері» өткізген Иманбаева Г.М., Никишина Л.В.. Үшінші бағыт: «Актер шеберлігіндегі сезімдер мен пластикалық экспрессивтілік» өткізген Нагорная Л.П., Панихин А.Л. Ақсу колледжінің ұстаздары. Күні бойы созылған семинар жоғары деңгейде өтті. Семинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты. Семинар соңында аймақаралық «Ақ сиса» шығармашылық байқауы өтті.

Күнтізбелік

Сұрақ

Облыстағы мәдени-сауық мекемелерге қалай жиі барып тұрасыз (кинотеатр, театр, музей және т.б)?
eGov